«Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес компанияларының қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ұсынылды

Астанада марапатты тапсыру рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күнінің қарсаңында мемлекеттің дамуына маңызды үлес қосқан мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бизнес өкілдеріне, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері мен соғыс және еңбек ардагерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. Астанада марапатты тапсыру рәсімі өтті.  

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 124 Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Қаныш Молдабаев «Құрмет» орденімен  марапатталды.

Қазақстан Республикасының «Ерен енбегі үшін» медалімен «Самұрық-Энерго» АҚ «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов, «Самұрық-Энерго» АҚ «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС 1-отын-көлік цехының ауысым бастығы Валерий Улядаров, «Самұрық-Энерго» АҚ «Екібастұз 2-МАЭС» АҚОрталықтандырылған жөндеу цехы бастығының орынбасары Иван Мишин, «Самұрық-Энерго» АҚ «Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» разрезінің экскаватор машинисі Валерий Шахтрин  марапатталды. 

2015.12.18
2015.12.18

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng