«Самұрық-Энерго» АҚ-ның қолдауымен «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС белгіленген қуаты 45МВт болатын Қазақстан Республикасындағы алғашқы жел электр станциясының құрылысын аяқтады

Қуаты 45 МВт болатын Ерейментау ЖЭС-і «жасыл» энергиясының бір бөлігі EXPO-2017 - «Болашақтың энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның қолдауымен «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС белгіленген қуаты 45МВт болатын Қазақстан Республикасындағы алғашқы жел электр станциясының құрылысын аяқтады.

Бүгін, 11 желтоқсанда, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Қаныш Молдабаев Индустрияландыру жөніндегі және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың кезекті жартыжылдығының қорытындылары бойынша жалпыұлттық телекөпір барысында қуаты 45 МВт болатын Ерейментау ЖЭС-ін өндірістік пайдалануға берудің басталғаны туралы баяндама жасады.

Қуаты 45 МВт болатын Ерейментау ЖЭС-ін салу кезеңінде жергілікті халыққа 200 (екі жүзден) аса жұмыс орындары құрылды. Пайдалану кезеңінде 29 (жиырма тоғыз) тұрақты жұмыс орны құрылды, солардың ішінде 12 адам - Ерейментау қаласының тұрғыны.

Өндірілетін электр энергиясының 100%-ы Қазақстанның Ұлттық электр желісіне (ҮЭЖ) түседі. Қуаты 45 МВт болатын Ерейментау ЖЭС-тің жұмыс істеуі Ақмола облысында электр энергиясы тапшылығының төмендеуін қамтамасыз етеді және қоршаған ортаны қорғауғы елеулі үлесін қосады. Жаңартылатын энергия көздерін (жел әлеуетін) пайдалану жыл сайын 100 мың тоннадан аса көмір жағуды үнемдеуге мүмкіндік береді. Қуаты 45 МВт болатын Ерейментау ЖЭС-і «жасыл» энергиясының бір бөлігі EXPO-2017 - «Болашақтың энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады.

«Бірінші жел электр станцясы» ЖШС ел басшылығының бастамаларын басшылыққа ала отырып, индустрияландыру мен жетілдіруге белсенді қатысуда. «Самұрық-Энерго» АҚ ЕҚҚДБ мен ТТҚ-мен (Таза технологиялар қоры) серіктесіп, Ерейментау жел паркінің қуатын 95 МВт-ға дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Перспективада қуатты 300МВт-ға дейін кеңейту жөніндегі жоба қарастырылуда. 

«Ерейментау 1-ЖЭС» жобасы бойынша анықтамалық ақпарат

Қуаты 45МВт болатын Ерейментау ЖЭС-і Ақмола облысы аумағында, Ерейментау қаласынан 3 км қашықтықта орналасқан және ауданы 60га аумақты қамтиды. Қуаты 45МВт болатын Ерейментау ЖЭС-і қуаты 2,05 МВт 22 жел энергетикалық құрылғыдан (Германия, FWT өндірісі) және белгіленген қуаты 63 МВА болатын жаңа 220/35КВ меншікті ҚС-дан тұратын кешен болып табылады.

«Қуаты 45МВт болатын Ерейментау ЖЭС-ін салу» жобасының жалпы құны 18 870 млн. теңге.

  • Жылдық түсім – 3,8  миллиард теңге
  • Мүлікке салынатын салық – жылына 300 млн. теңге
  • Ерейментау қаласында тұрақты жұмыс орындары – 12
  • Жылдық өндіру (жоспар)– 172 млн. кВт\с
  • Пайдалануға берілгеннен бастап өндіру (2015ж. қыркүйектен желтоқсанға дейін) – 61 млн. кВт\с 
2015.12.11
2015.12.11

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng