«Богатырь» кенішінің 45 жылдығы 1,5 миллиардыншы тонна көмірді тиеумен атап өтілді

2015.11.30
2016.01.21

Тұңғыш Президент күні қарсаңында "Богатырь" кенішінде 1,5 миллиардыншы тонна энергетикалық көмірді салтанатты тиеу рәсімі өтті.

«Богатырь» кенішінің 45 жылдығы 1,5 миллиардыншы тонна көмірді тиеумен атап өтілді

"Богатырь Көмір" ЖШС көмір кенішін игеруге 45 жыл толу мерекесін осындай жоғары нәтижемен атап өтті.

Митингіге Павлодар облысы әкімдігінің өкілдері, Екібастұқ қаласының, "Самұрық-Энерго" АҚ басшылығы, мен кәсіпорын ардагерлері қатысты.

Бүгінде Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмір көлемінің 65%-ы компанияның үлесіне тиеді.
«Богатырь» кеніші Қазақстан электр станцияларын отынмен қамтамасыз етеді, көмір өнімінің кемінде 30%-ы Ресей Федерациясына экспортталады.

«Богатырь Көмір» ЖШС – «Богатырь» және «Северный» екі кенішінде көмірді ашық тәсілмен өндіретін әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Компанияның жиынтық баланстық қоры 3 млрд. тоннаға жуық көмірді құрайды.

1970 жылы 30 қарашада жылына қуаты 5 млн. тонна көмір өндіретін тұңғыш іске қосу кешені енгізілді. Бұл күн кеніштің туған күні болып саналады.

1985 жылы «Богатырь» кенішінде 500 млн. тоннаны құрайтын көмір өндіру шегі еңсерілді, ал жылдық өнімділік 56,8 млн. тонна көмірге жетті. Қуаттың осы көрсеткіші бойынша кеніш Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілді.

«Богатырь-Көмір» ЖШС бүгінде 6,5 мың жұмысшы жұмыс жасайтын, қаланы құраушы кәсіпорындардың бірі болып табылады. «Богатырь-Көмір» ЖШС-ның 50 % акциясы «Самұрық-Энерго» АҚ мен «РУСАЛ» ААҚ-ға тең үлеспен тиесілі.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng