«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2015-2025 жылдарға арналған Ұзақ мерзімді даму стратегиясы бекітілді

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі 2015-2025 жылдарға арналған Ұзақ мерзімді даму стратегиясын және оны іске асыру жөніндегі Жол картасын бекітті.

Бағдарламалық құжат The Boston Consulting Group (BCG) консультанттарымен бірлесіп әзірленді. Сыртқы сын-қатерлерге жауап қатуды есепке ала отырып, Жол картасында компания қызметінің бағыттары бөлігінде стратегиялық мақсаттар, тапсырмалар және шаралар бар.

Қоршаған ортаны қорғау туралы қамқорлықты және ұқыпты өндіру қағидаттарын басшылыққа ала отырып, компанияның миссиясы анықталды: акционерлер, қызметкерлер және қоғам үшін Қазақстанның энергиямен қамтамасыз етудің жоғары технологиялық кепілі ретінде құндылықты жасау.

Еуразиялық маңызы бар тиімді операциялық энергия холдингі ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуды жоспарлауда, солай бола тұрса да дәстүрлі қуат өндіру мен жоғары технологиялық көмір бизнесі компания қызметінің саласында әрі мүддесінде қала береді.

Компания қызметінің перспективті бағыттарын айқындайтын құжат 2030 жылға дейін Казақстан ОЭК-ні дамыту тұжырымдамасының, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сай келеді.

Компанияның Ұзақ мерзімді стратегиясында трейдинг функцияларын күшейтуге, электр энергиясы мен көмірді тарату нарықтарын кеңейтуге, инновациялық дамытуға және электр энергетикалық пен көмір активтерінің операциялық тиімділігін арттыруға екпін қойылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2015-2025 жылдарға арналған Ұзақ мерзімді стратегия және Ұзақ мерзімді стратегияны іске асыру жөніндегі Жол картасы Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 06/15 шешімімен бекітілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2015-2025 жылдарға арналған Ұзақ мерзімді стратегиясы туралы толық ақпарат http://www.samruk-energy.kz/ru/strategy сайтында орналастырлған.

2015.12.03
2015.12.03

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng