«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік менеджмент жүйесінің ISO 9001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне қадағалау аудиті ойдағыдай өтті

2015.12.03
2015.12.03

«Самұрық-Энерго» АҚ сыртқы аудит рәсімдерін өту қорытындылары бойынша TUV Rheinland халықаралық сертификаттау органынан растама алды.

Аудитор компанияның Корпоративтік менеджмент жүйесінің (КМЖ) ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін жоғары бағалады.

Энергетикалық активтерді корпоративтік басқару саласында сертификаттау аудиті «Самұрық-Энерго» АҚ-дағы КМЖ-ның дамуы мен жұмыс істеуінің бірқатар жағымды тұстарын атап өтті.

Сертификаттау органының аудиторы персоналдың біліктілік деңгейі мен Жоғары басшылықтың және құрылымдық бөлімшелер басшыларының КМЖ-ны жетілдіруге қатыстырылу деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

Халықаралық аудитор тәуекелдерді басқару моделінің белсенді пайдаланылуын атап өтті, бұл шығындарды ықшамдауға мүмкіндік береді. Тәуекелдер және менеджмент жүйесі комитетін компанияның басшысы – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы А. Сәтқалиев басқарады. 

Жағымды тұстардың арасында түпкілікті тұтынушылардың компанияны қабылдауы бойынша жүйелі бағалау жүргізілетіні атап өтілді. Осы мақсатпен халық, қатардағы тұтынушы, еншілес және тәуелді ұйымдар мен топтарының еңбек ұжымдары мен сараптама қоғамдастығы арасында жыл сайын талдамалық зерттеу жүргізіледі.

Аудитор «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің әрбір бизнес-бағыты бойынша қызметтің нақты бөлінгенін атап өтті. Аталған жүйе операциялық бақылауды күшейтуді және корпоративтік орталық деңгейінде компаниялар тобында негізгі шешімдерді қабылдау үдерістерін орталықтандыруды қамтамасыз етеді. Компанияда теңгерімделген көрсеткіштер жүйесін ендіру жүзеге асырылуда, тест режимінде жобаларды басқарудың онлайн жүйесі енгізілуде. Персоналды оқытуды бағалау жүйесі пысықталып, тәжірибеде қолданылуда, персоналдың біліктілігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың түбегейлі кешені әзірленді (іріктеу, тестілеу, кадр резерві және т.б.).

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng