Павлодар облысы Экология департаментінің «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ға салған экологиялық зиянды өтеу сомасы қайта қаралды

2015.11.23
2015.11.23

Істі жоғарыда көрсетілген сот инстанцияларында қарастыру қорытындылары бойынша, атап айтқанда, ҚР Жоғарғы сотының қадағалаушы өндірісінде қарағаннан кейін «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ның шағымы қанағаттандырылған болатын.

Павлодар облысы Экология департаментінің «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ға салған экологиялық зиянды өтеу сомасы қайта қаралды

2013 жылы Павлодар облысы Экология департаментінің жоспардан тыс жүргізген тексеруі нәтижесінде «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ға 2,2 млрд. теңге мөлшерінде экологиялық зақымды, 705 млн. теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлды және 1,6 млрд. теңге мөлшерінде салықтық айыппұлды қоса алғанда, 4,5 млрд. теңге сомасына талаптар қойылды. Оған Павлодар облысы Экология департаментінің энергия өндіуші ұйымның 2013 жылғы қаңтардың 1-інен 10-ына дейін  10 күнге қоршаған ортаға зиянды заттарды шығаруға рұқсатының болмауы туралы өтініші негіз болды, бірақ аталған рұқсаттың болғанын ҚР Жоғарғы соты таныды.

2014 жылғы ақпанда Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты (МАЭС) «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-дан 2,2 млрд. теңге мөлшерінде экологиялық зақымды өндіріп алу туралы шешім шығарды.

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ апелляциялық, кассациялық және қадағалаушы тәртіптерде аталған шешімге шағым берді. Істі жоғарыда көрсетілген сот инстанцияларында қарастыру қорытындылары бойынша, атап айтқанда, ҚР Жоғарғы сотының қадағалаушы өндірісінде қарағаннан кейін «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ның шағымы қанағаттандырылған болатын.

Осылайша, 2015 жылы қазанда Павлодар облысы МАЭС шешімімен экологиялық зақымның сомасы 2,2  млрд. теңгеден 356 мыңға дейін, әкімшілік айыппұлдың сомасы  705 031 513 теңгеден 725 133  теңгеге дейін азайтылды.

Қазіргі уақытта, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ Павлодар облысының Мемлекеттік кіріс департаментіде 2,2 млрд. теңге мөлшеріндегі төленген экологиялық зақымның сомасын қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. 

2014 жылы 1,6 млрд. теңге мөлшерінде төленген салық айыппұлын Екібастұз қаласының Мемлекеттік кіріс департаментінен өзара есепке алу арқылы қайтару жоспарлануда.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, белгіленген қуат көлемі 1000 МВт бірлескен Қазақстан-Ресей энергетикалық кәсіпорны. Акционерлік қоғам Ресей және Қазақстан энерегтикалық нарықтарының екі ірі қатысушының - «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ (Ресей) мен «Самұрық-Энерго» АҚ (Қазақстан) мүдделерін білдіреді: олардың әрқайсысына акциялардың 50%-ы тиесілі.

Екібастұз МАЭС-2 станциясында 99,6%-ға дейін күл тұтудың озық электрсүзгісін орнату есебінен ғана күлді шығару бірнеше есеге азайды. Жалпы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобы бойынша жылу электр станцияларында күл шығару көлемі 5 жыл ішінде 3 есеге жуық – 108 мың тоннадан 36 мыңға дейін азайды.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng