Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг туралы

2015.11.17
2015.11.18

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы республиканың жаңа экономикалық саясатын – «Нұрлы жол» бағдарламасын электр энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бөлігінде іске асыруға белсенді қатысуда.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг туралы

2015 жылы индустрияландыру картасы аясында Ерейментау қ. ауданында қуаты 45 МВт жел электр станциясын салу бойынша жобаның аяқталуы қамтамасыз етілді. Станция өндіретін электр энергиясы ЭКСПО-2017халықаралық көрме объектілері инфрақұрылымының мұқтаждары үшін пайдаланылатын болады. Таза Технологиялар қорымен бірлесіп,жобаны жел паркінің қуатын 50 МВт-ға кеңейту бойынша дайындық жүргізілуде, оныЕуропа Қайта құру және Даму Банкі қаржыландырады.

2016 жылы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да қуаты 30 МВт жаңа турбиналы генераторды іске қосу жоспарлануда, бұл станцияның қуатын 88 МВт-дан 118 МВт-ға дейін ұлғайтады.

2-МҮИИДБ аясындаОңтүстік Қазақстан облысында Шардара ГЭС-ін жаңғырту жобасы іске асырылуда. 2017 жылы ауқымды қайта құру аяқталғаннан кейін станцияның қуаты 26%-ға (100 МВт-дан 126 МВт-ға дейін) өседі. Аталған жоба жеңілдікті шарттармен теңгемен қарыз беретінЕҚДБ қатысуымен іске асырылуда. Мемлекет басшысының Ұлыбританияға ресми сапары аясында 2015 жылғы 3 қарашада Лондон қаласында ЕҚДБ-мен тиісті келісімге қол қойылды.

Қазақстан-Британия іскерлік кеңесі барысында «Самұрық-Энерго» компаниясының Басқарма Төрағасы А. Сәтқалиев бірқатар кездесулер мен келіссөздерді өткізді, олардың қорытындылары бойынша «Innovator Capital Limited» және «Enzen Global Ltd.» компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

«Біз дәстүрлі көмір энергетикасы саласында жаңа технологияларды таңдау мен ендіру мақсатында инновациялар саласында ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіреміз, ол қосылған құнды жоғарылатуға және қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайтуға мүмкіндік береді», - атап көрсетеді Алмасадам Сәтқалиев:

Көмірді байыту мен газдандыру бойынша зерттеулер, көмір өндірудің экологиялылығын жоғарылату бойынша жобаларды ендіру, жаңартылатын қуат көздерін дамыту, атап айтқанда ЖЭК-ті басқару жүйелерін және электр энергиясын шоғырлау, SmartGrid жүйелерін біріктіру жүйелерін дамытужобаларын әзірлеу «Самұрық-Энерго» АҚ үшін тәжірибелік қызығушылық тудырады. Primus Power Corporation америкалық компаниямен бірлесіп Қапшағай қаласындағы қуаты 2 МВт күн электр станциясы базасында EnergyCell энергия шоғырлаушы жүйелерді орнату бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Аталған инновациялық технология ЖЭК қуат көздерін Қазақстанның энергия жүйесіне неғұрлым тиімді бейімдеуге мүмкіндік береді.

Шекті тарифтердің әрекет ету кезеңі үшін 2009 жылдан 2015 жылды қоса алғандағы кезеңде, «Самұрық-Энерго» АҚ тобына кіретін еншілес компанияларға жаңа активтерді құруға, қайта құруға, техникамен қайта жабдықтауға, өндіріс деңгейін және ағымдағы активтерді қолдауға, табиғатты қорғау шараларына шамамен 480 млрд. теңге, оның78,4 млрд. теңгесі ағымдағы жылыжолданды. Жаңарту қайта құру нәтижесінде, белгіленген және қолдағы қуат арасында (2 647 МВт-тан 1 686 МВт-қа дейін)үштен бір бөлігінен артық (36%) немесе 961 МВт-ға алшақтықтар қысқартылды. Күл шығарындысының көлемі 3 есеге – 108 мыңнан 36 мың тоннаға дейін азайды.

ҚР Үкіметінің бастамасы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ меморандумдарды және ұзақ мерзімді шарттарды жасай отырып, отандық тауар өндірушілерге мақсатты қолдау көрсетуді жүзеге асыруды жалғастыруда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылғы экономикалық жағдайы бойынша болжалдарды ескере отырып, Самұрық-Энерго инвестицияларға арналған шығындарды жалпы сомасы 28 млрд. теңгеден жоғары сомаға (немесе 23%-ға) және ағымдағы шығындарды 9,4 млрд. теңге (немесе 5%-ға) қысқартты. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша бюджеттердің операциялық және инвестициялық бөлігі бойынша шығындар 2016 жыл үшін де оңтайландырылды және 2,9 млрд. теңге мөлшерінде жасалды, оның ішінде жалпы және әкімшілік шығындар персонлаға еңбекақы шығындарын, өзге де материалдық төлемдерді қысқарту, демеушілік, қайырымдылық көмекті, консультациялық, көлік шығындарын қысқарту есебінен 860 млн. теңге мөлшерінде. Инвестициялық шығындар 27 млрд. теңгеге қысқартылды.

2015 жылы жалпы табыстар 196,8 млрд. теңге мөлшерінде күтіледі, бұл жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, іске асыру кезінде активтерді шоғырландырудан шығарумен байланысты 2014 жылғы табыстардан 22%-ға (немесе 55,4 млрд. теңгеге) төмен.

«Самұрық-Энерго» АҚ алдында активтерді жаппай сату мақсаты тұрған жоқ. Жеке инвесторлар тарапынан қызығушылық болмаған жағдайда, компания аталған кәсіпорындарды басқаруды жалғастыруға дайын» - деп атап өттіАлмасадам Сәтқалиев.

Анықтама үшін:
«Самұрық-Энерго»электр энергиясын өндіру, тарату және бөлу,көмір өндіру саласындағы активтерді біріктіре отырып,мемлекеттің электр энергетикасы саласындағы мүддесін білдіреді. 2014 жылы электр энергиясын өндіру 30%-ны немесе 28,2 миллиард кВтс. құрады, Қазақстан БЭЖ-дегі белгіленген қуат үлесі - 38% -ды немесе 7 959 МВт, көмір өндіру үлесі - 35,3%-ды құрайды.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng