Болашақ энергетиктер арасында физика-математика пәндері бойынша республикалық олимпиада өткізу туралы

2015.11.13
2015.11.13

Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭБУ) «Самұрық-Энерго» АҚ қолдауымен бітіруші сыныптар мен ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында Физика-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізеді

Болашақ энергетиктер арасында физика-математика пәндері бойынша республикалық олимпиада өткізу туралы

Олимпаданы өткізу мерзімі: 2015 жылғы қарашаның 23-інен 27-ісіне дейін.

Алдын ала бағдарлама

  • 23 қараша қатысушылардың келуі және оларды тіркеу;
  • 24 қараша студенттер арасында Олимпиада өткізу;
  • 25 қараша студенттерге арналған Олимпиаданы жабу;
  • 26 қараша мектеп оқушылары арасында Олимпиада өткізу;
  • 27 қараша мектеп оқушыларына арналған Олимпиаданы жабу.

Олимпиаданың жұмыс істеу тілдері: қазақ, орыс

Олимпиада өтетін орын: Алматы энергетика және байланыс университетінің оқу дәрісханалары, Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 126

Өткізу шарттары:

Студенттер арасындағы Олимпиада «Электротехниканың теориялық негіздері» және «Жылу техникасының теориялық негіздері» пәндері бойынша өткізілетін болады.

Бітіруші сыныптардың оқушылары арасындағы Олимпиада математика және физика пәндері бойынша өткізіледі.

Қатысушы-ЖОО Олимпиадаға қатысу үшін 2,3-ші курстың кемінде 2 студентін мен оқытушысын, орта мектеп кемінде 2 оқушы мен мұғалімді жібереді.

Қатысушылардың іссапар шығындары (жолақы, тұру және тамақтану) жіберген ЖОО (мектеп) қаражаты есебінен төленеді.

Өтінімдер 2015ж. 20 қарашадан кешіктірмей қабылданады.

Олимпиада туралы жедел ақпарат aipet.kz сайтында орналастырылған

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары мен мекенжайы:

  • Ғылыми-зерттеу секторы - 8(727) 292-09-14, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  (студенттер Олимпиадасы бойынша)
  • Маркетинг және кәсіби бағдарлау орталығы – 8(727)292-44-71, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  (мектеп оқушылары Олимпиадасы бойынша)

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng