Самұрык-Энерго британия компанияларымен ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді

Өзара түсіністік туралы меморандумға Enzen Global Ltd. тобының Атқарушы директоры Кутти Прабакаран мырза мен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мырза қол қойды

Самұрык-Энерго британия компанияларымен ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді

2015 жылғы қарашаның 3-інен 4-іне дейін Ұлыбританияда өтіп жатқан Қазақстан-Британ Іскерлік кеңесі құрылтай отырысының және Қазақстан-БританІскерлік кеңесінің Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екіші отырысы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы бірқатар кездесулер өткізді, олардың қорытындылары бойынша ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында «Innovator Capital Limited» және «Enzen Global Ltd.» компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Өзара түсіністік туралы меморандумға Enzen Global Ltd. тобының Атқарушы директоры Кутти Прабакаран мырза мен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мырза қол қойды. «Самұрық-Энерго» АҚ және «Enzen Global Ltd.» электр энергиясын өндіру, бөлу саласында, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласында операциялық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

«Самұрық-Қазына» АҚ тобының компаниялары мен британия және уэльс компаниялардың арасындағы делдал болып табылатын Innovator Capital Limited (ICL) инвестициялық компанияның Президенті Mungo Park мырзамен келіссөздерде Қазақстанның электр энергетикалық саласының сұраныстарына сай келетін жаңа технологияларды іздеу және ендіру мақсатында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Velocys, Liquid Light және Algenol компаниялармен ынтымақсатыққа қызығушылық танытты.

Velocys компаниясы, көмірді газдандыру, сұйық және газ тәрізді отын түрлерін ала отырып көмірді терең өңдеу технологияларын ендірумен бірге, GTL ( gas-to-liquids) саласындағы әзірлемелерімен де белгілі.

Algenol компаниясы көмірқышқыл газды, күкірт және азот тотықтарын, қатты бөлшектерді (мөлшерін төмендету) ұстап қалу, ЖЭС-та жоғары күлді көмірлерді жағу кезінде күл-қож қалдықтарын қайта өңдеуді ұсынады.

Liquid Light компаниясы СО2-ні жоғары өнімді химиялық затқа түрлендіру технологияларын әзірлейді. 

2015.11.04
2015.11.05

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng