«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы жылыту маусымына дайындық төлқұжатын уақытынан бұрын алды

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіруші және энергия беруші кәсіпорындары орындалған жөндеу жұмыстарының арқасында 2015/2016 жылғы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық төлқұжаттарын алды.

«Самұрық-Энерго» АҚ жылу көздері мен электр станциялары бойынша мазутты пайдаланудың қажетті қоры мен көмірдің нормативті қоры құрылды. Алматы, Ақтөбе қалалары мен  Солнечный кентінде (Павлодар   облысы) жылыту маусымын белгіленген мерзімде басталды.

Энергия өндіруші ұйымдар бойынша бекітілген кестелерге сәйкес, негізгі құралдардың 12 бірлігіне жоспарлы жөндеу жүргізу жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде,  «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да №5 энергия блогына күрделі жөндеу жүргізілуде, «АлЭС» АҚ-да 7 бірлік жабдыққа: 4 қазандық, 2 турбина, 1 су жылыту қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Жұмыстарды ү.ж. 31 қазанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Энергия беруші ұйымдар бойынша жөндеу науқаны 100 %-ға аяқталды.  «АЖК» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ, «МЭБК» АҚ күзгі-қысқы кезеңге және артық жүктемеге дайын. 

Ағымдағы жылы пайдалануға берілген қуаты 45 МВт Ерейментау ЖЭС-тің 26.10.2015ж. жағдай бойынша электр энергиясын нақты өндіру көлемі   31,3 млн. кВт*сағ. асты. Станцияның ең жоғарғы жүктемесі 42,8 МВт. деңгейінде тіркелді. Өткен демалыста станцияныңең жоғарғы жүктемесі 43.5 МВт деңгейінде тіркелді, ол белгіленген қуаттың  96,7% пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш жобаның көзделген параметрлерге қол жеткіуінің және жабдықтың ойдағыдай тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдаланылуының айғағы болып табылады.    

2015.10.26
2015.10.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng