«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа омбудсмен сайлады

Оразбек Бекбас 1 жыл өкілеттік мерзімімен омбудсмен болып тағайындалды. Бұрын бұл лауазымды корпоративтік хатшы Ерген Шалин атқарды.

Оразбек Бекбас 1 жыл өкілеттік мерзімімен омбудсмен болып тағайындалдыІскерлік этика кодексінің 6.1-тармағына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (ДК 2015 жылғы 15 қазандағы № 06/15 хаттамасы) Оразбек Бекбас 1 жыл өкілеттік мерзімімен омбудсмен болып тағайындалды. Бұрын бұл лауазымды корпоративтік хатшы Ерген Шалин атқарды.

Кодекске сәйкес, Омбудсменнің негізгі функциялары Кодекс ережелерінің сақталмауына байланысты мәліметтерді жинау, қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға Кодекс ережелері бойынша консультация беру, Кодекс ережелерінің бұзылуы бойынша дауларды қарауға бастамашылық жасау және оларды реттеуге қатысу. Оның үстіне, Кодекстің 6.4-тармағына сәйкес, Омбудсмен Кодекс ережелерінің бұзылу фактілері бойынша жүгінген қызметкердің, лауазымды тұлғаның белгісіз боп қалуын (атының аталмауын өтінген жағдайда) қамтамасыз етуге тиіс.

Бекбас Оразбек Телібайұлы 1950 жылы туған. Алматы облысының тумасы. Білімі жоғары, біліктілігі –инженер- жылу энергетигі. Еңбек жолын Алматы ЖЭО слесарінен «Средазэнергомонтаж» тресінің шеберіне дейін өскен. Әрі қарай мемлекеттік билік жүйесінде әр түрлі басқарушы лауазымдарда қызмет атқарған.

2009-2011 жылдары «KEGOC» АҚ-да: «KEGOC-Сервис» ЖШС директорының орынбасары, Әкімшілік департаментінің бас менеджер –үйлестірушісі болып жұмыс жасады. 2012 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Әкімшілік департаментінің директоры қызметін атқарды. 2013 жылдың 15 мамырында «Энергетиктердің кәсіподақтар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2015 жылы 15 сәуірде Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағының төрағасы болып сайланды.

Мынадай мемлекеттік марапаттар: «Ерен еңбегі үшін», «Астана», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарға ие. ҚЭҚ құрметті энергетигі.

Анықтама үшін: «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Іскерлік этика кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) Омбудсмен – Қоғамда Кодекс ережелерінің енгізілуі мен сақталуына ықпал ететін тұлға.
2015.10.20
2015.11.12

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng