Қазақшаңыз қалай?

2015.10.15
2015.10.15

«Самұрық-Энерго» АҚ-да алғашқы рет компания қызметкерлері арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша байқау өтті.

Қазақшаңыз қалай?

«Қазақшаңыз қалай?» байқауына «Самұрық-Энерго» АҚ менеджерінен бастап департамент директорына дейін 19 қызметкер қатысты. Байқауға қатысушылар аталған байқауды корпоративтік рухты нығайтуға себеп болған, әріптестердің дарынын анықтауға көмектескен, сондай-ақ қазақ тілін үйренуге ынталандырған мереке ретінде қабылдағандарын атап өтті.

Байқауды ұйымдастырушылар 5 номинация жариялады:

- «Іскерлік хаттың үздік авторы» - бұл номинация бойынша қатысушылардан мемлекеттік тілде ұсыныс-хат пен сұрау-хатты сауатты жазу талап етілді. Іс қағаздарын жүргізу және тілді білу бойынша Қаржы және салық есебі департаментінің бас менеджері – Динара Махаманова, Сатып алу департаментінің директоры – Ерік Маширов, Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің бас менеджері – Дастан Тұрлыбаев ең жақсы нәтиже көрсетті.

- «Қазақ тіліндегі үздік ән орындаушысы» байқауының үздіктері болып «СЭС және ЖЭК, бөлу және тарату» ЕТҰ-мен жұмыс жөніндегі департаментінің корпоративтік хатшысы – Әсет Ахметов, Бизнесті трансформациялау департаментінің менеджері – Дастан Рахманқұлов және Корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері Камила Сафинова танылды. Музыкалық байқауда ауыз әдебиетінің туындылары да, халық әндері мен классикалық шығармаға айналған белгілі композиторлардың әндері, сондай-ақ қазіргі заманғы туындылар да орындалды. Қатысушылардың көбісі әндерді домбыра, гитарамен өздері сүйемелдеп, орындады.

- Қиын номинациялардың бірі – «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің үздік білгірі». Қатысушыларға әрқайсысы 10 мақал-мәтелден тұратын 12 тақырыптың бірін таңдау ұсынылды. Байқауға қатысушының тапсырмасы – жүргізуші бастаған мақал-мәтелді аяқтау. Ақпарттық технологиялар департаментінің менеджері – Бауыржан Қабдраш, Нарықты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері Гүлжан Нәлібаева және әкімшілік департаментінің бас менеджері Мұхтар Әбдікерімов тапқырлығымен және жақсы есте сақтау қабілетімен көзге түсті.  

- «Үздік мәнерлеп оқушы» номинациясында байқауға қатысушылардың көбі өзінің актерлік және шешендік шеберліктерін көрсетті. Байқауда Абайдың, Мұқағали Мақатаевтың, Жұбан Молдағалиевтің және басқа ақындардың шығармалары оқылды. Қазылар алқасы Корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері Лаура Демесінованы, бизнесті Трансформациялау департаментінің менеджері Мөлдір Манатованы және Жобаларды басқару департаментінің бас менеджері – Лаура Жұпанханды  өлеңді айрықша ықыласпен оқыды деп таныды.   

- Байқауға қатысуға қазақ тілінде сөйлемейтін қызметкерлер де үн қосты. Қазылар алқасы «Өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілінде үздік мәнерлеп оқушы» номинациясы бойынша байқау қатысқандар да үздік өнерімен танылды. Олар: Жұртшылықпен байланыс департаментінің бас менеджері – Анна Жекенова, Адам ресурстарын басқару департаментінің бас менеджері – Юлия Бектемісова және Баға мониторингі департаментінің бас менеджері – Людмила Шипулина.  

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng