PWC: Тәуекелдерді басқару – корпоративтік мәдениет

2015.10.14
2015.10.14

Сарапшы және оқытушы ретінде PWC компаниясының Лондондағы офисінен келген Крейг Мюррей шықты

Көп компаниялар үшін тәуекел-менеджментінің негізі қаржылық бақылау болып табылады. Алайда жуырдағы зерттеулер сәйкестендірілген тәуекелдердің 87%-ы материалдық емес болғанын көрсетті. Бірақ тәуекелдердің дәл осы материалдық көздері компанияға маңызды ықпалын тигізуі мүмкін.

Халықаралық деңгейдегі сарапшылар «Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі - Қоғам) «Тәуекел-менеджмент» корпоративтік семинарында тәуекелдерді қалай басқару, анықтау және оларды болжамдау туралы білімін бөлісті.

Семинарда Директорлар кеңесінің мүшелері және Қоғам Басқармасының мүшелері, Бас директорлар және дивизиондардың басқарушылары, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің директорлары, сондай-ақ Қоғамның негізгі еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі - ЕТҰ) бірінші басшылары қатысты.

Сарапшы және оқытушы ретінде PWC компаниясының Лондондағы офисінен келген Крейг Мюррей шықты, оның корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару, нормативтік-құқықтық талаптары мен стандарттарын сақтау саласында 15 жылдық дағдысы бар. Қазіргі уақытта энергетика, коммуналдық шаруашылық, табиғи ресурстар және өнеркәсіптік тауарлар саласында мамандана отырып, кәсіпорынның тәуекелдерін басқару (КТБ) бойынша тапсырмаларды басқарады.

Крейг Мюррей: «Компанияның ішкі бизнес-үдерістері сияқты тәуекелдерді басқаруға болады және оларды басқару керек. Тиімсіз тәуекел-менеджмент ірі ыңғайсыздықтарға әкеп соғуы мүмкін. Жиі көптеген маңызды емес тәуекелдер бір-бірімен байланысты болады, маңызды емес оқиғалар да үлкен шығындарға әкеп соғатын оқиғалар тізбегін тудыруы мүмкін», - деп санайды.

PwC Қазақстан бас менеждері - Эльмира Стамқұлова Еуразиядағы ішкі аудит тәжірибесі үшін жауапты, оның тәуекелдерді басқару, ішкі аудит және ішкі бақылау саласында он төрт жыл жұмыс өтілі бар. Ол семинар қатысушыларымен ішкі аудит және энергетика мен тау-кен өндіру секторы саласында есептілікті құру салаларындағы білімін бөлісті. Оның ойы бойынша, аталған саладағы тәуекел-менеджменті – ауруды емдеу үшін «рецепт» қана емес, ол бірінші кезекте алдын алу болып табылады. Мәселе бұл алдын алатын емдеу қаншалықты дұрыс жазып берілгенінде болып тұр.

Тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында батыстық әріптестеріміздің және жоғары білікті сарапшылардың көп жылғы тәжірибесі пайдалы. Осылайша, аталған семинардың тыңдаушылары мұнан былай тәуекелдерді басқарудың іс жүзіндегі дағдысын қолдануы және оны «майданда» қолдануы мүмкін.

Семинарда электр энергетикалық және көмір салаларында тәуекелдерді тиімді басқарудың әлемдік тәсілдері, тәуекелдердің негізгі қызмет көрсеткіштерімен және стратегиямен өзара байланысы, сондай-ақ компанияда тәуекел - мәдениетін құрудың өзге де егжей-тегжейлері қарастырылған болатын.

Семинар қатысушылары PWC компаниясының сертификаттарын алды.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng