«Самұрық-Энерго» АҚ - Х KAZENERGY Еуразиялық форумына қатысушы

2015.10.13
2015.10.13

2 қазанда Астана қаласында «Энергетиканың жаңа мүмкіндіктері: Ынтымақтастық және инвестициялар перспективалары» 10-шы KAZENERGY Еуразиялық форумы аяқталды.

3 күн бойы форум алаңында 2000-нан аса беделді қатысушылар экологиялық қауіпсіздік және отын-энергетикалық секторы дамуының перспективасы туралы мәселелерді талқылады. Олардың ішінде – жаһандық мұнай-газ нарығының жетекші сарапшылары, халықаралық және қазақстандық ірі компаниялардың өкілдері, солардың ішінде  «Самұрық-Энерго» АҚ да бар.

Мерейтойлы форумның барысында өңірлік энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық салалық сегменттер дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Форумның бағдарламалық сессиясында «ЕУРОПАНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН САЛДАРЫ» тақырыбында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Энергияға өтудің қазіргі заманғы қауіп-қатерлері және олардың Қазақстан энергетикасына әсері» туралы баяндама жасады. А. Сәтқалиев аталған мәселені көміртек салығы деп аталатын механизмді енгізу ұстанымы бойынша қарастырды:

- Бастапқы салық CO2 бір тоннасы үшін бір доллардан кем емес болған жағдайда, жалпы алым 100 млн$ дейін құрайтын болады, ал электр энергиясы үшін тариф болмашы кВт сағат үшін 0.1 центке ұлғаяды. Бұндай шама үйлесімді заңнамалық базаны ғана құрмайды, ол энергияға өту қажеттіліктері үшін жүйелі түрде қызмет етуге тиіс болатын нақты ақша ағынын қамтамасыз етеді.

Жаңартылатын энергетика жөніндегі халықаралық агенттікпен (IRENA) бірлесіп дайындалған «Таза энергияны дамытудың қазіргі заманғы үрдісі» атты қайталамалы сессияда экономикалық дамуға ғана емес, әлемдегі геосаяси жағдайға да әсерін тигізетін саланың өзекті проблемалары талқыланды.

            Сессияда ЕҚДБ, Жаңартылатын энергетика жөніндегі халықаралық агенттігінің (IRENA), Қазақстанның Энергетика, Мысырдың Электрлендіру және энергетика, Арменияның Энергетика және табиғи ресурстар, Minas Energy  Энерегетиканы дамыту (Канада) минитрліктерінің өкілдері қатысты.

Х KAZENERGY Еуразиялық форум жұмысының қорытындылары бойынша қазіргі жағдайда мұнай-газ және энергетика нарығын одан әрі дамыту бойынша негізгі ұсыныстарды қамтитын қарар қабылданды.

Форум қатысушылары Еуразия құрлығы барлық мемлекеттердің мүдделері мен піріклерін толығымен ескере отырып, халықаралық мұнай-газ бен энергетикалық кеңістігінің жоспарлы және тұрақты дамуының қажеттігін белгіледі, Қазақстан экономикасының дамуына мұнай-газ және энергетика кешенінің жоғары әсерінің сақталатынын атап өтуде.

Соған қоса, энергетикада ең соңғы технологиялық жетістіктерді қолдануды көрсету мақсатында «Energy4us: «Иннвовациялық энергетика» көрмесі ұйымдастырылған болатын. Қазақстанның 10-нан аса жетекші компаниясы энергетикалық саланың инновациялар саласында өз жетістіктерін ұсынды. «Самұрық-Энерго» АҚ қуаттылығы 45 МВт Ерейментау жел электр станциясының жобасын ұсынды. «Самұрық-Энерго» АҚ стнеді «Diploma of the Best Audience Choice» - «Аудиторияның ең мықты таңдауы» дипломмен марапатталды.

Х KAZENERGY Еуразиялық форумда айтылған тапсырмалар және шешімдер тізілімі туралы tarifkz.kz сілтеме бойынша көбірек білуіңізге болады. 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng