«Шығысэнерготрейд» ЖШС басшылығы ұжым алдында есеп берді

«Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директоры Аксёнов Вячеслав Өскемен және Семей қалаларында, басқарушы компанияның өкілдерінің қатысуымен, 2015 жыл үшін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөнінде есеп беруіне байланысты сұхбат өткізді

«Шығысэнерготрейд» ЖШС басшылығы ұжым алдында есеп берді

«Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директоры Аксёнов Вячеслав Өскемен және Семей қалаларында, басқарушы компанияның өкілдерінің қатысуымен, 2015 жыл үшін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөнінде есеп беруіне байланысты сұхбат өткізді.

Сұхбат барысында компания қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету кең талқыланды. Бүгінгі күні «Шығысэнерготрейд» ЖШС еңбек нарығында сұранысқа ие жұмыс орны болып табылады. Ұлттық компания «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның басқару мерзімінде кадрлардың тұрақтамауы 25%-дан 18%-ға азайды.

Вячеслав Аксёнов мұны былай түсіндіреді: «Компания басымдықтарының бірі - қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, оңтайлы еңбек, демалыс және кәсіби деңгейлерін үнемі көтеру үшін жағдай жасау болып табылады. Сөйтіп, 2015 жылдың нәтижелері бойынша қызметкерлердің 30 % оқытылды, компаниядағы орташа еңбекақы орташа салалық деңгейден біраз төмен».
Кәсіпорында әлеуметтік тұрақтылықты жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде, 2015 жылы қызметкерлер арасында жүргізілген сауалдың нәтижелері бойынша компанияда әлеуметтік тұрақтылық деңгейі 75% құрады.

Энергиямен жабдықтау ұйымы жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жаңа жұмыс істеу әдістері мен қазіргі заманғы технологияларды енгізуде, соның ішінде комиссиясыз электр энергиясы үшін төлем қабылдау бойынша автоматтандырылған кассалар; ай сайын SMS-хабарламалар түрінде ұялы телефонға электр энергиясы үшін төлем шотын алу; SMS-хабарлама жіберу арқылы берешек туралы ақпарат алу; shygys.kz сайтында Жеке кабинетте on-line тәртібінде электр энергиясы үшін төлеу. 2015 жылы компания электр энергиясын сатып алуды-сатуды және тұтынушыларға қызмет көрсетуді жоспарлау және ұйымдастыру саласында ISO 9001-2008 стандарт талаптарына сәйкестігін растады.

«Шығысэнерготрейд» ЖШС қызметі сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғындардың электр энергиясына қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғанын естеріңізге саламыз.

«Шығысэнерготрейд» ЖШС 9.07.2004 ж. № 588- II «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 25 бабына сәйкес 2004 ж. 28 қыркүйекте құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 17233-1917-ТОО ШҚО Әділет департаментімен 28.09.2004 ж. берілді) және «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады, оның 100 % акциясы «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Қазақстандағы электр энергетикалық активтерін басқару жөніндегі холдингке тиесілі. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысында 480 000-нан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде 20 000-нан астамы – заңды тұлғалар.

Қосымша ақпарат алу үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі топтың мамандарына хабарласыңыздар: Татьяна Павлова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6968) , ұялы тел.: + 7 701 921 70 32; Асель Баденова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6368) , ұялы тел.: +7 701 221 71 38.
2016.04.21
2016.04.21

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng