Шардара СЭС: есеп беру кездесуі өтті

2016.04.21
2016.04.27

«Шардара СЭС» АҚ-да (бұдан әрі - Қоғам) кәсіпорын басшылығының еңбек ұжымының алдындағы есеп беру кездесуі өтті, онда 2015 жылдың жұмыс қорытындылары мен 2016 жылға арналған міндеттер айтылды

Шардара СЭС: есеп беру кездесуі өтті

«Шардара СЭС» АҚ-да (бұдан әрі - Қоғам) кәсіпорын басшылығының еңбек ұжымының алдындағы есеп беру кездесуі өтті, онда 2015 жылдың жұмыс қорытындылары мен 2016 жылға арналған міндеттер айтылды.

2015 жылдың жұмыс қорытындылары туралы есеп пен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы Қоғам басқармасының м.а. Сейітмұрат Сайманов сөз сөйледі.

2015 жылы Қоғамның электр энергиясын өндіру көлемі жоспардағы 397,0 млн. кВтсағ орнына 465,3 млн. кВтсағ немесе 117 %-ды құрады. Сатылған электр энергиясының көлемі - жоспарда 389,8 млн. кВтсағ болғанда 460,4 млн. кВтсағ, яғни 118 %-ды құрады.

Қоғам корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне көп көңіл бөледі. Осылайша, қызметкерлерге 2015 жылы Қоғам қаражаты есебінен материалдық көмек көрсетілген болатын:

  1. демалыстар беру кезіндегі сауықтыру үшін біржолғы жәрдемақы – 40 605 мың теңге;
  2. қызметкерлердің санаторий-шипажайлық емделу құнының бір бөлігін төлеу – 9 519 мың теңге;
  3. бала тууға байланысты төлемдер - 1 666 мың теңге;
  4. электр энергиясы үшін төлемді өтеу - 29 937 мың теңге;
  5. қоғамның жұмыс асханасындағы түскі ас құнының 70%-ын өтеу – 5 318 мың теңге;
  6. қызметкердің мерейлі жасы үшін сыйақы беру (50, 55, 58 (әйел) 60, 63 (ерлер) жыл) – 4 422 мың теңге:
  7. қызметкердің жақын туыстары, ата-аналары қайтыс болған жағдайда біржолғы жәрдемақы түріндегі көмек – 534 мың теңге.

Қоғам 2015 жылы Қоғамның бұрынғы қызметерлеріне - зейнеткерлерге барлығы 1909 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру Қоғамның персоналды оқытуға арналған бекітілген бюджетіне сәйкес жүргізіледі. Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға 2582 мың теңге (ӘБП және ПП) бөлінді.

Сейітмұрат Сайманов сөз сөйлеу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске асыру портфельдік компаниялар мен ЕТҰ тобы үшін маңыздылығын атап кетті. «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасын салтанатты іске қосу 2015 жылғы шілде айында жарияланды.

Баяндама соңында қызметкерлер Қоғамның әлеуметтік жауапкерлішілігін күшейту бойынша ұсыныстарын білдірді. Басқарма мен кәсіподақ комитетіне қызметерлердің ұсыныстарын бірлесіп қарастыру, шаралар қабылдау, Ұжымдық шартқа, сондай-ақ Еңбекақы төлеу мен сыйақы төлеу ережесіне, «Шардара СЭС» АҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар дайындау тапсырылды.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng