«МЭБК» АҚ жыл сайынғы жалпы жиналыс өткізді

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ 2015 жылды қорытындылауға арналған жыл сайынғы жалпы жиналыс өткізді

«МЭБК» АҚ 2016 жылдың 26 ақпанында 2015 жылға өндіріс және қаржы қызметін қорытындылауға арналған жыл сайынғы есептік жиналыс өткізді. Басқарма мүшелері, негізгі құрылымдық бөлімше басшылары, сондай-ақ ЭЖА басшылары өздерінің баяндамалары және презентацияларымен шықты.

Өзінің баяндамасымен Басқарма Төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары – Бас инженер Ж.Б. Сагымбеков компанияның өндірістік қызметіндегі 2015 жылдың қорытындысы туралы баяндады:

«2015 жылға жөндеу науқанына даярлау шеңберінде «МЭБК» АҚ 113 адам тартылған өндірістік қызметтің инженерлік-техникалық қызметкерлерді өндірістік оқыту жүргізілді. Оқу аяқталғаннан кейін, оқытылған қызметкерлер аттестатталды және жұмысқа кірісуге рұқсат етілді. Жөндеу науқанына 191 адам көлемінде 41 бригада жұмылдырылды. «МЭБК» АҚ бойынша жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат көлемі 2015ж. - 455 625,313 мың теңгені құрады.

  • оның ішінде шаруашылық тәсілмен жұмыс көлемі 2015ж. – 167 332,0 мың.тг.,
  • мердігерлік тәсілмен жұмыс көлемі 2015ж. – 288 293,313 мың.тг.

Есеп жылының жұмыс жоспарына қосымша қосылды:

  • жалпы құны 33963,262 мың.теңгені құрайтын, Өзен ЭЖА ӘЖ-35кВ Восточная-1,2 және ӘЖ-35кВ және ӘЖ-35кВ Тюесу күшейту жұмыстары;
  • құны 9млн.теңгені құрайтын Қоғамның жеті қосалқы станцияларындағы ақаулы аккумуляторлы батареяларын ауыстыру;
  • 17415,23мың теңгеге берілген ТЖ тапсыру жөніндегі Ақтау ЭЖА ғимаратындағы РПБ-3 жөндеу жұмыстарын орындау.

Инвестициялық жобалар жөніндегі 282 626мың теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды:

  • М.Аймагамбетов атындағы ҚС-110/6 «Ақшұқыр» ҚТБ элегазды ажыратқыштарға ауыстырумен қайта құру және ТҚ-6кВ жаңарту.
  • Жетібай ЭЖА жөндеу-өндіріс базаларының (РПБ) құрылысы
  • ҚТБ-110кВ-ты ҚС-110/6кВ «ПТВ», ҚС-110/35/10кВ «Форт», ҚС-35/6кВ «Карьерная» элегазды ажыратқыштарына ауыстыру;
  • РП «Жетібай» СҚЖТҚ-6кВ ұяшығын жаңарту;
  • ҚС-110/6кВ «Промбаза», ҚС-110/35/6кВ «Восточный Жетыбай» АТҚ-110кВ жабдықтарын қайта құру;

Бүгінгі күні төмендегілер секілді ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда:

  • 2015 жылға – 877 645 мың теңге сомасын игерумен ТБҚС-220/110/35/10кВ
  • «Қаражанбас» 1х150МВА автотрансформаторларымен ЭБЖ-220кВ Актау-Каражанбас құрылысы;
  • Аймақтық-диспетчерлік орталық құрылысы – 1 100 476 мың теңге;
  • «МЭБК» АҚ 6-10/0,4кВ желілеріндегі ЭКЕАЖ енгізу жөніндегі жобасын жүзеге асыру және телеметрия деректерін табыстау – 2 390 530мың.теңге.

Компанияның қаржылық қызметінің қорытындысы жөніндегі Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары А.Р. Жуматаев баяндады. Ол 2015 жылға есептік кезеңде электр қуатын берудің нақты көлемі жоспарды 99% орындаумен 2 518млн. кВт/с. құрады. Орташа өткізу тарифі 1 кВт/сағ. 3,57 теңгені құрады, бекітілген тарифте 3,62 теңге. Жылдың қорытындысы бойынша заңды тұлғалардың тұтыну көлемі орташа өткізу тарифінің төмендетуіне әкелген электр қуатын тұтыну басқа тұтынушылармен көбейген кездегі жоспарланғаннан төмен құралды. Қоғамның электр желілері арқылы тасымалданатын электр қуатының негізгі ірі тұтынушыларымен мұнайгай саласындағы мекемелер шығады, олардың үлесіне жылына берілетін электр қуатының 92% кіреді. Электр қуатының берілуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2015 жылы төмендетілді. Себебі болып көрсетілген қызмет көлемінің төмендетуіне әкелген "Мангыстаумунайгаз" АҚ меншікті газтурбиналық қондырғыларын енгізу болып табылады. Есептік кезеңге қосылған тұтынушылардың көлемі 19 329 құрады, соның ішінде:

  • өнеркәсіптік мекемелер – 455;
  • бюджеттік ұйымдар – 154;
  • жеке кәсіпкерліктер – 1500;
  • тұрғындар – 17 220.

Есептік кезеңге «МЭБК» АҚ желілеріндегі 2011 бастап 2016жж. нормативтік техникалық жоғалтудың нақты деңгейі 7,66% жоспарлау кезінде 7,07% құрады. 2016 жылы нормативтік техникалық жоғалтудың деңгейі 7,66% мөлшерінде жоспарланған. «МЭБК» АҚ кірісі 2015 жылы жоспарланған деңгеймен салыстырғанда электр қуатының берілу көлемінің төмендеуіне байланысты жоспарды 98% пайызға орындаумен 9 187 млн.теңгені құрады. Барлық шығындар бекітілген жоспардан 6% немесе 436млн. теңгеге өсумен 7 472 млн. теңгені құрады. Осылайша салық салынғаннан кейін 2015 жылға қорытынды кіріс 1 336 млн.теңгені құрады.

Бұдан әрі, Адам ресурстары жөніндегі басқармасының басшысы А.М. Сарбаева Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өзгерістер туралы хабарлаумен бастап шықты. Сондай-ақ ол «МЭБК» АҚ әлеуметтік тұрақтылық рейтингісінің көрсеткіштері ұсынылған жылдық қорытындысы бойынша салыстыру таблицасын ұсынды:

  • қызметкерлерді тарту - 89% құрады;
  • компанияның әлеуметтік дамыту индексі - 96%;
  • әлеуметтік тұрақтылық рейтингі - 89%.

«МЭБК» АҚ жалпы жиналысының қорытындысы бойынша компания жұмыстарының тиімділігін бұдан әрі арттыру жөніндегі тапсырмалар қойылды. «МЭБК» АҚ Басқарма Төрағасы Киркинбаев Е.А. «Қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін арттыруға бағытталған шаралардың қабылданғандығына ерекше назар аудару керек – 2016 жыл «Біліктілікті арттыру жылы» болуы тиіс», - деп атап өтті.

2016.04.21
2016.04.21

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng