«Алатау Жарық Компаниясы»: еңбек ұжымының жыл сайынғы есеп беру жиналысы өткізілді

2016.04.07
2016.04.18

«АЖК» АҚ Басқарма Төрағасы М.Ә.Үмбетов 2014-2015 жылдардағы және өткен жылғы қозғалыстағы әлеуметтік-жауапкершілік мәселелері бойынша есеп берді

«Алатау Жарық Компаниясы»: еңбек ұжымының жыл сайынғы есеп беру жиналысы өткізілді

2016 жылдың 10 ақпанында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да еңбек ұжымы және жергілікті кәсіподақ «Серіктес» ҚБ алдында компания басшылығының жыл сайынғы есеп беру жиналысы өтті.

Жиналыс барысында Адам ресурстары басқармасының басшысы А.А.Абдиров Ұжымдық шартты қайта қарау және ҚР-ның жаңа Еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістер туралы баяндама оқыды. Қазіргі кезде компанияда Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қызметкерлерден ұсыныстарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Ал, Компанияның қазіргі кездегі қаржылық хал-ахуалы туралы Басқарма Төрағасының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Т.С.Иппергенов ақпарат беріп өтті.

«АЖК» АҚ Басқарма Төрағасы М.Ә.Үмбетов 2014-2015 жылдардағы және өткен жылғы қозғалыстағы әлеуметтік-жауапкершілік мәселелері бойынша есеп беріп, 2015 жылғы әлеуметтік тұрақтылық рейтингісіне және қызықтыру деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу бойынша ұсыныстарға сәйкес алдағы жылдардағы әлеуметтік мәселелер негізінде жоспарланған іс-шаралармен таныстырды.

Әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша бір жылдық жұмыс қорытындылары туралы Жергілікті кәсіподақ «Серіктес» қоғамдық бірлестігінің Төрайымы М.Б.Тоғайбекова есеп беріп, өткен жылы кәсіподақ қарастырған жұмыскерлердің әлеуметтік мәселелерін баяндады.

ЖҚКО – Алматы Энергокешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет КөрсетуОрталығы.

 «Алматы Электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қ. және Алматы облысына жылу және электр энергиясынөндірушікомпания. 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК»АҚ)  – Самұрык-Энерго» АҚ-нің компаниялар тобына кіреді, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына, өндiрiстiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге және ауылшаруашылық қожалықтарына электр қуатын жеткiзумен, сондай-ақ, таратумен айналысатын республика оңтүстiгiндегi ең iрi энергетикалық жүйе.

Жоғарыда аталған компаниялардың барлығы «Самұрык-Энерго»АҚ-ның компаниялар тобына кіреді, Қазақстан Республикасындағы көмір және энергетикалық кәсіпкерлікті басқарушы холдингілік компания. Компания тобына 23 мың адамнан аса қызметкерлер кіреді.

Байланыстар: 

ЖҚКО басшысы Жандарбек Қатпабаев 

Алматы Энергокешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы (ЖҚКО) Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.,

www.esalmaty.kz

тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05

ұялы тел.: +7 701 766 00 88

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng