«Алматы электр станциялары» АҚ – да жыл сайынғы есепті жиналысы өткізілді

2016.02.26
2016.02.26

«Алматы электр станциялары» АҚ – да корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бойынша басшылық пен еңбек ұжымының жыл сайынғы есепті жиналысы өткізілді

2016 жылғы 15-19 ақпан аралығында «Самұрық – Энерго» АҚ компаниялар тобының есепті жиналысын жыл сайын өткізу аясында еңбек ұжымы алдында 2015 жылғы жұмыс нәтижесінің қорытындысы және корпоративті әлеуметтік жауапкершілік саласындағы алдыңғы кезеңдегі міндеттер бойынша «АлЭС» АҚ еңбек ұжымдарында жиналыстар өткізілді.

Есеп берген Басқарма Төрағасы Нұрлан Мухамед-Рахимов Қоғамның 2015 жылғы қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерін, Қоғамның корпоративті әлеуметтік жауапкершілік саласындағы басымдықтарын атап өтті. Қоғам жыл қорытындысы бойынша электр (5086 млн.кВтсағ өндірілген) энергиясын және жылу (5031 мың Гкал) энергиясын өндіру жөнінен жылдық жоспарын орындап шықты. Әлеуметтік әл - ауқатты жетілдіру жөніндегі шаралар қызметкерлердің барлық категорияларын, соның ішінде ең әуелі Қоғам қызметкерлерінің жалпы санының 94 %-ын құрайтын өндірістік персоналға қолдау көрсетуге бағытталады.

Еңбек ұжымының әлеуметтік көңіл күйі бағасын анықтау мақсатында 2015 жылдың III тоқсанында Әлеуметтік серіктестік орталық пен «Самұрық – Қазына» АҚ Корпоративті университеті бірлесе отырып, «Алматы электр станциялары» АҚ әлеуметтік тұрақтылық рейтингін анықтау бойынша зерттеу өткізілді. Зерттеу нәтижесінде жағымды динамика анықталды: персоналдың жұмылдырылуы 2014 жылғы 67%-дан, 2015 жылы 76%-ға, ал персоналдың қанағаттанушылығы 2014 жылғы 77% -дан, 2015 жылы 82% -ға дейін артқан. Персоналдың ниеттілігі 2014 жылғы 69% -дан, 2015 жылы 78% -ға дейін артқан.

Есепте өндірістік көрсеткіштер, еңбекті қорғау, мамандарды даярлау, кадрлық резервті дамыту, әлеуметтік саясат, ынталандыру мәселелері, Қоғам омбудсменінің қызметі, ақпараттық жариялылық саясаты және т.б. туралы баяндалды.

Басқарма Төрағасы Н.Мухамед-Рахимов еңбек ұжымына 2015 жылы Қоғам өмірінде орын алған басты оқиғаларды атап өтті: энергоменеджмент жүйесінің ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001 және OHSAS 18001 стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификаттар алынды; энергоөндіруші өндірістік департаменттердің 2015-2016жж. күзгі- қысқы маусымдағы жұмысқа дайындығы паспорты алынды; Қоғам командасы «Самұрық – Энерго» АҚ компаниялар тобының III спартакиадасына қатысты және аса маңызды жетістік «АлЭС» АҚ «Парыз-2015» байқауында «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында диплом және мүсінмен марапатталды.

Анықтама:
ЖҚО - Алматы Энергетика кешенінің қоғаммен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы.
«Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) - Алматы қаласы және Алматы облысы үшін жылу және электр энергиясын өндіретін компания.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ( «АЖК» АҚ) – Алматы қаласы және Алматы облысында электр энергиясын беру және тарату бойынша ірі компания.
Жоғарыда аталған ұйымдар «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіреді.
«Алматыэнергосбыт» ЖШС – Алматы қаласы және Алматы облысына электр энергиясын жеткізуші.
Байланыс:
Алматы Энергокешенінің қоғаммен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы (ЖҚО)
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., www.esalmaty.kz
тел.: +7 (727) 356 04 31 +7 (727) 356 04 05, тел. моб.: +7 701 718 82 38

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng