«Богатырь Көмір» ЖШС басшылығы кеніштің еңбек ұжымымен жұмыстық кездесу өткізді

2016.02.10
2016.02.10

Серік Раипов: Біздің міндетіміз - өзіндік құнды ұстау мен шығындарды төмендету.

3 ақпанда «Богатырь» кенішінің әкімшілік-тұрмыстық корпусының акт залында «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығы кеніштің еңбек ұжымымен жұмыстық кездесу өткізді. Кездесуге «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Серік Раипов, атқарушы директор Қайрат Рғайбек, жеке құрам мен әлеуметтік саясат жөнінде директор Еркін Рахманғұлов, серіктестіктің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрула Тұратаев, «Богатырь» кенішінің директоры Серік Макаров қатысты.
Өткен жылдағы серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметінің қорытындысы мен болашақ жоспары бойынша негізгі баяндаманы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Серік Раипов жасады.

Серік Раипов өткен жылдың нәтижелеріне баға бере отырып, келесіні атап өтті:
- Жалпы өткен жылдағы экономиканың қиын жағдайын есепке алғанда біз әжептәуір жұмыс атқардық. 32,5 млн.тонна жоспармен компания 34,5 млн. тонна көмір шығарды. Сонымен қатар, 2014 жылмен салыстырғанда көлем біршама төмендетілді, яғни бұдан ресейлік тұтынушылар тарапынан сұраныстың түсіп қалғанын, сондай-ақ жергілікті электрстанциялардағы электр қуатын өндіріп шығарудың азайтылғанын көруге болады. Биылғы жыл Қазақстан және Ресей экономикасы үшін күрделі болғалы тұр. 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы біздің көмірдің өзіндік құны өскен және 2016 жылы одан да жоғары болады деп күтілуде. Соған қарамастан, біз тәуекелге бардық және өңірдегі тау-кен қазушы кәсіпорындардың арасында ең алғашқы болып ұжымдық шарттың талаптарын орындай отырып, еңбекақыға 12,6% индексациялау жүргіздік.

2015 жылы компанияда әрекет етуші күшті қолдауға арналған үлкен жұмыс атқарылды, 5 млрд. теңгеден аса қаржы салынды. Бұл жерде сатып алынатын құрал-жабдық пен материалдарға бағаның айтарлықтай өскенін есепке алған жөн, қымбатшылық 70 %-дан асты, ал көмірдің құны не бары 7% болды. Биылғы жылдың негізгі міндеті біздің өнімнің өзіндік құнын 2015 жылдың деңгейінде ұстау. Алға қойған міндетке жету үшін мен кәсіпорынның барлық ұжымына сенім артамын.

Қайырымдылық мақсаттар мен өңірдің әлеуметтік жобаларына қолдау көрсету үшін 2015 жылы 200 млн. теңгеден аса қаражат бөлінді және компанияның саясаты бұл бағытта жалғасын табады.

Тұрғын-үй бағдарламасының аясын іске асыру мақсатында өткен жылы компания кәсіпорынның 30 жұмыскеріне жалпы сомасы 37 млн. теңгеге несие бөлді. Көпшілік спортты дамытуға да бұрынғыдай қолдау көрсетіледі.

Серік Раипов ағымдағы жылдың міндеттері туралы айта келе эконмикадағы барлық қиындықтарға қарамастан компания акционерлеріне кадрларды қысқартпау туралы тапсырма берілгенін атап көрсетті. Оңтайландыру мен шығындарды қысқарту есебінен ішкі қорлар қарастырылатын болады.

Экономикадағы қиын жағдай биылғы жылдың болжамына сақ болуға мәжбүр етеді. Серік Раиповтың айтуынша 2016 жылғы өндіру жоспарында – 32 млн. 500 мың тонна және 37 млн. тоннаға шарттар құрылған, компания басшылығы Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2, сондай-ақ ресей тұтынушыларының тарапынан көмірге деген сұраныстың төмендеуін жоққа шығармайды. Ішкі нарықта шарықтап келе жатқан бәсекелестік те жағдайды қиындатып отыр. Қатты отынмен жабдықтаушылардың арасында жаңа ойыншылар пайда болды, олардың бірі – «Қазақмыс». Бұл жағдайда да анықтаушы фактор болып көмірдің бағасы саналады.

Соған қарамастан, жақындағы болашаққа көз жіберетін болсақ компанияның басшылығы 2020 жылы Балқаш ЖЭЦ салумен және жіберумен көмірді шығару өседі және Екібастұз станциясын тұтынуға деген сұраныс көтеріледі деп үміттенуде. Басшылық қолданыстағы өндірісті жетілдіру және ЦАТ жобасын іске асыру есебінен кәсіпорынның табыстылығын сақтау мен жаңа өндірістік күшке жетуді ойлайды.

Дамудың болашақтағы жоспары бойынша басшылықтың көзқарасын баяндай келе бас директор Серік Раипов кеншілердің сұрақтарына жауап берді.

Жазғы мерзімде өндірісті тоқтату мүмкіндігі туралы мәселеге жауап бере отырып бас директор кәсіпорын басшысымен бұндай тоқтап тұру жоспарланбағанын түсіндірді, барлығы энергетиктер тарапынан көмірге деген сұранысқа байланысты.

Роторлық экскаватордың бригадирі Қаңлыбай Умбеталиевтің жарық беретін шамдар мен саймандар сатып алу бойынша қойған сұрағына «Богатырь Көмір» ЖШС-нің атқарушы директоры Қайрат Рғайбек түсінік берді.

- 2013 жылдың 19 сәуірінен бастап ТМҚ сатып алу «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бекітілген ережелер бойынша жүргізіледі. Яғни барлық конкурстар «Самұрық – Қазына» АҚ-ның ашық алаңында өткізіледі. Өткізілген электрондық сатып алулардың қорытындысы бойынша тауарға ең төменгі бағаны ұсынған жеткізуші анықталады. Ақаулары бар тауар жеткізілген жағдайда олар қабылданбайды және теріс пиғылды жеткізушіге қайтарылады.

Қайрат Рғайбек тауарды, жұмыс пен қызметті сатып алудың қолданыстағы Ресгалментіне сәйкес шартты құрудың мерзімі мен үрдісі бойынша мәселеге түсініктеме берді.
Компания жұмысының әлеуметтік аспектілері бойынша жеке құрам мен әлеуметтік саясат жөнінде директор Еркін Рахманғұлов, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрула Тұратаев мәлімдеме берді.

Қанат АЛДАБАЕВ
Фото Олег Мальчуктікі

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng