KAZENERGY қауымдастығы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қолдауымен Білім беру бағдарламасы шеңберінде «Innovation man» инновациялық жоба әзірлеушілерінің байқауын жариялайды

Жобаның мақсаты: инновацияға жаңа көзқарастарды анықтау, интеллектуалдық дағдыларды дамыту және көпшілікке ғылым тарату.

«INNOVATION MAN» байқауының ережесі 

Жобаның мақсаты: инновацияға жаңа көзқарастарды анықтауинтеллектуалдық дағдыларды дамыту және көпшілікке ғылым тарату.

Байқау студенттер, мамандар және басқалар арасында мұнай-химия, атом, мұнай-газ және энергетика саласындағы озық инновациялық жобалар әзірлемесіне жүргізіледі. Байқау өткізу форматы бойынша жұмыстар  комиссия алдында жұмыс өзектілігін сипаттай отырып,  PDF форматында таныстырылады. Таныстыру аяқталған соң жұмыстардың ішінен  сыйлық қорымен 3 озық жоба анықталады, олар  Астана қ. Тәуелсіздік Сарайында, 2015 жылғы 29-қыркүйек пен  1-қазан  аралығында өтетін VIII «ЖАСТАР. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯЛАР» Жастар форумы шеңберінде жарияланатын болады.

Озық байқау өтініштерін қарау және іріктеу мақсатында  мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және мүше компаниялардың  өкілдерінен және «KAZENERGY» қауымдастығының (бұдан әрі – Қауымдастық) қызметкерлерінен Байқау комиссиясы құрылады. Байқау комиссиясының құрамы Қауымдастықтың Бас директорының бұйрығымен бекітіледі.  Байқау комиссиясы байқау өтініштерін қарастырады және әзірленген өлшемдер мен тиісті балдарға сәйкес Бағалау бюллетеньдері  негізінде жеңімпаздарды анықтайды.   

Байқау өтініші жоба және жобаның таныстыруы бойынша  толық анықтама (сауалнама) нысанында ұсынылады.   Егер бар болса,  жобаның енгізілген кезеңдерінің макеті, чертежі, сызбасы, фотосуреті, графиктері және т.б. қоса ұсынылады.

Байқау жобалары ІІ кезеңмен іріктеледі:

I кезең (іріктеу кезеңі) – Қауымдастықтың сараптау комиссиясы келіп түскен өтініштерді қарайды және байқаудың жартылай финалына қатысатын  жобаларды іріктейді;

II кезең -   фпиналшылар жобаларды қорғайды және таныстырады  және Байқау комиссиясы жеңімпаз (1-орын) бен 2 жүлдегерді (2 және 3-орындар) анықтайды.

Ең көп балл  жинаған байқау жұмысы байқаудың жеңімпазы деп танылады. 

І кезеңде жобаларды іріктеудің негізгі өлшемдері мынадай:

жобаның жаңалығы және инновациялық құрамдас бөлігі;

тәжірибелік үлгі немесе модель, іске асырылған іс-қимылдар;

- коммерциялық әлеует және жобаның іске асырылуы;

жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңызы.

 ІІ кезеңде Байқауда жобаны қорғау немесе таныстыру арқылы жеңімпаз іріктеледі, осы орайда Байқау финалында жеңімпаздарды іріктеудің негізгі, қосымша өлшемдері мынадай:

таныстырудың мазмұндылығы;

таныстыру дағдысы;

сендіре білу;

қатысушының ерекше дарыны;

- сұраққа жауап бере білу.

Байқау өткізу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз және 2 (екі) жүлдеген анықталады, оларға сыйлық қорында көзделген ақшалай сыйлық беріледі.

Байқау қорытындысы хаттамамен ресімделеді. 

Байқау 2 кезеңнен тұрады, өтініштер 2015 жылғы 31-шілдеге дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекенжайында  қабылданады.

«INNOVATION MAN» байқауына қатысушының САУАЛНАМАСЫ

2015.06.04
2015.09.30

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng