Биыл Қырғызстанға 218 млн киловатт-сағат электр энергиясы экспортталмақ

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев осылай деді

Биыл Қырғызстанға 218 млн киловатт-сағат электр энергиясы экспортталмақ

Биыл Қазақстаннан Қырғызстанға 218 млн киловатт-сағат электр энергиясы экспортталады. Бүгінде оның 53 млн-ы көрші мемлекетке жеткізілді. Ал Ресейге сатылатын электр энергиясының көлемі 1,8 млрд киловатт-сағат. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев осылай деді.

Оның айтуынша, электр энергетика саласындағы экспорт әлеуетін дамыту халықаралық тәжірибеге сай жүзеге асып келеді. Өзге мемлекеттермен жасалған келісім кәсіпорын табысының артуына, барлық энергоблоктардың толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:

- Қазақстаннан электр энергиясын алу Қырғызстан үшін Тоқтоғұл су қоймасындағы су мөлшерін жинауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өздерінің электр орталықтарында жөндеу жүргізе алады. Ал Ресей тарапы халықаралық саудадан қосымша пайда табады.

Источник: 24.kz

2016.04.27
2016.04.27

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng