«Самұрық-Энерго» жанынан Біліктілік орталығын құру жоспарланған - А.Сатқалиев

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығымен «Самұрық-Энерго» АҚ жанында Біліктілік орталығы құрылады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығымен «Самұрық-Энерго» АҚ жанында Біліктілік орталығы құрылады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев.

«ҚР энергетика министрінің бұйрығымен «Самұрық-Энерго» компаниясының жанында талдау орталығы құрылады. Бұл, аталған ұсыныстарды қалыптастыратын, және болжаумен айналысатын және талдаулар мен технологиялардың халықаралық практикаларымен жинаумен айналысатын Біліктілік орталығы болмақ», - деді А.Сатқалиев.

Оның айтуынша, «Самұрық-Энерго» компаниясы Үкіметтің басшылығымен «Самұрық-Қазына» акционерлік қорымен және сараптық қоғамдастықпен бірге жасыл энергетикаға көшуді ынталандыратын макроэкономикалық тетіктерді қалыптастыруға ұсыныс жасау үшін кешенді шаралар жоспарын әзірлеуде.

«Электр энергетикасында бірегей жағдай қалыптасқан, бізде қуаттылық резервтерінің жеткілікті көлемі бар, нақты бәсекелестік қалыптасқан, нарықта электр энергетикасы саудасы бойынша биржалық алаң жұмыс жасайды. Ағымдағы жағдайдың басымдығын өнеркәсіптің, коммуналдық-тұрмыстық сектордың пайдасына асыруымыз қажет. Елбасының 2050 бағдарламасында қойған міндеті орндаушы деңгейде жүзеге асыру үдерісіндегі жан-жақты ұғыну. Қоғамда энергокөшу стратегиясы әзірленуде», - деп мәлімдеді ол.

primeminister.kz

2016.04.27
2016.04.27

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng