Қазақстанның қырғыз еліне жеткізетін электр энергиясының құны белгілі болды

2016.04.27
2016.04.27

Қазақстанның Қырғызстанға жеткізетін энергиясының 1кВ/сағаты 9 теңгені құрайды

Қазақстанның қырғыз еліне жеткізетін электр энергиясының құны белгілі болды

Қазақстанның Қырғызстанға жеткізетін энергиясының 1кВ/сағаты 9 теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

«Өздеріңіз де білетіндей, бұған дейін Қырғызстан Қазақстанға электр энергиясын жеткізуші болып келген еді. Яғни, біз үнемі жазғы уақытта су жеткізуге байланысты қырғыз электр энергиясын қабылдап келдік. ҚР Үкіметінің қолдауымен біз алғаш рет серіктестерімізбен өзара іс-қимылдың нарықтық тетігін қолданудамыз. Жеткізу ақшалай есеп айырысу арқылы жүргізілуде. Біз Қазақстан-Қырғызстан шекарасына электр энергиясына 9 теңгеге жеткіземіз»,- деді А.Сәтқалиев. 

Таратылған мәліметтерге сәйкес, Қырғызстанмен арадағы келісімшарт бойынша 2016 жылы 218 млн. кВ/сағат көлемінде электр энергиясы жеткізілуі тиіс. Бүгінде қырғыз еліне экспортталған электр энергиясының көлемі 57,6 млн. кВ/сағатты құрап отыр. 
Жалпы, «Самұрық-Энерго» басшысының айтуына қарағанда, бұл ынтымақтастықтан екі ел де пайда табуда. Мәселен, Қазақстан қолданыстағы қуат жүктемесін төмендетіп, кіріс алуға мүмкіндік туып отыр. Ал, Қырғыз елі болса Тоқтағұл су қоймасына су жинауға әрі өздерінің энергия нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng