«ШҚ АЭК» АҚ басшылығы компания жұмысының қорытындысын шығарды

2016.04.04
2016.04.06

«ШҚ АЭК» АҚ кәсіпорын басшылығының еңбек ұжымдарымен есептік кездесулері болып өтті, онда 2015 жылға жұмыс қорытындысы талқыланды және 2016 жылға корпоративті әлеуметтік жауапкершілік саласындағы міндеттер айқындалды.

«ШҚ АЭК» АҚ басшылығы компания жұмысының қорытындысын шығарды

«ШҚ АЭК» АҚ кәсіпорын басшылығының еңбек ұжымдарымен  есептік кездесулері болып өтті, онда 2015 жылға жұмыс қорытындысы талқыланды және 2016 жылға корпоративті әлеуметтік жауапкершілік саласындағы міндеттер айқындалды. 

2016 жылғы 10 ақпаннан бастап 3 наурызға дейінгі кезең аралығында кәсіпорын басшылығы Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында орналасқан 37 кәсіпорын бөлімшелерінде болып қайтты. Осы кездесулер барысында кәсіпорын қызметінің 2015 жылдағы нәтижелері және негізгі бағыттары және корпоративті әлеуметтік жауапкершілік саласындағы негізгі басымдықтары қамтылды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында техникалық мамандарды дайындау жүйесі және энергетика әлеуетін дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен. Осы екі міндеттер республиканың таратушы кәсіпорындары үшін маңызды болып табылады, оның құрамына «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» акционерлік қоғамы да кіреді.

Энергетика әлеуетін дамыту аясында «ШҚ АЭК» АҚ-ның 2015 жылға Инвестициялық бағдарламасын жалпы асыра орындағанын атап өту қажет (100,15%). Техникалық мамандарды дайындау мәселесіне қатысты, 2015 жылғы қызметкерлерді оқытуға шығындар 5 млн. теңгені құраған. Осы саладағы басым бағыттары ретінде: қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саласындағы оқытулар, біліктілігін көтеру және инженерлік-техникалық қызметкерлерді  оқыту, техникалық оқулар және қызметкерлердің жұмыс орынын аттестациялау болып табылады. Сонымен қатар 2016 жылы қызметкерлерді оқытуға шығын сомасын арттыру жоспарланып отыр (өндірістік қызметкерлерді оқыту басым бағыт болып табылады).

2015 жылы компанияда халықаралық стандарттар талабына сәйкестігіне  кезекті қадағалаушы аудиті өткізілген:

-  ISO 9001:2008:    Сапа  менеджмент жүйесі;

-  ISO14001:2004:  Экологиялық менеджмент жүйесі;

-  OHSAS 18001:2007: Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықты қорғаудың менеджмент жүйесі.

Бұдан басқа, «ШҚ АЭК» АҚ-ы қоғамның тұрақты дамуының әлеуметтік факторына  аса маңызды мән береді: заңнамалардың сақталуына, әлеуметтік саладағы  мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, қайырымдылық және демеушілік көмектер көрсетуге, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға, қызметкерлер үшін әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, кәсіпорынды дамытудағы тиімді инвестицияларға.

«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» акционерлік қоғамының негізгі міндеттері ретінде әрдайым электрмен жабдықтау сапасын тұрақты түрде жақсарту және инфрақұрылымын нығайту болып табылады. 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng