Журналисттер арасында «Қазақстан электр энергиясының орнықты дамуындағы «Самұрық-Энерго» АҚ холдингінің рөлі» байқауын өткізу туралы хабарландыру

Құрметті журналистер! «Самұрық-Энерго» АҚ энергетика саласын дамыту мен жаңғыртудың өзекті мәселелерін және «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы іске асырып жатқан әлеуметтік жобаларды көрсету бойынша журналисттер арасында шығармашылық байқау жариялайды.

Журналисттер арасында «Қазақстан электр энергиясының орнықты дамуындағы «Самұрық-Энерго» АҚ холдингінің рөлі» байқауын өткізу туралы хабарландыру

Материалдардың тақырыптары:

- «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобаларын іске асыруы – Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына қосқан үлесі;

- Энергетик келбеті – сала қызметкерлерінің күнделікті еңбегі. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының еңбек династиялары;

- «Самұрық-Энерго» АҚ  «Трансформациялау» бағдарламасы компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған үдеріс ретінде.

1.  Баспа БАҚ-тар

2.  Интернет-басылымдар

3  Теледидар және радио

4. Блогерлер арасында 10 номинация бөлінетін болады.

Әр номинацияның жеңімпаздары 90 АЕК мөлшерінде бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға 2015 жылдың 01 қаңтарынан 10 желтоқсанға дейінгі аралықта БАҚ-тарда жарияланған және орналастырылған материалдар: мақалалар, репортаждар, арнайы бейнетүсірілімдер (хронометраж 10 минуттан аспауы тиіс), сұхбат, очерктер (кемінде 2 жұмыс), интернет-сілтемелер қабылданады. Байқауға ұсынылған жұмыстар мынадай критерийлер бойынша бағаланатын болады: тақырыпты ашу, автордың материалды бере білуі, ақпараттың құндылығы, материалды баяндау дәлдігі және орындылығы.

Байқауға қатысу үшін журналистер басылым редакциясы (БАҚ) атынан ұсынылатын материалдарды көрсете, сондай-ақ жарияланған және орналастырылған жұмыстарының басып шығарылған және электрондық тасымалдағыштағы көшірмелерін қоса отырып, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 15А, Q бизнес орталығы мекен-жайы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментіне өтінім жіберуі қажет. Өтінімдер 2015 жылғы 11 желтоқсанға дейін қабылданады.

Байқау  қорытындысы жеңімпаздарды көрсете отырып, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін Орталық БАҚ-тарда орналастырылады. Марапаттау рәсімі 2016 жылғы қаңтар айында өткізіледі.

Байланыс телефондары:  (8717-2) 692-365; 553-062

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2015.10.15
2015.11.20

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng