Жобаның атауы:
- Ақтөбе ЖЭО-ны қайта жаңарту және жаңғырту
Жоба сипаттамасы:
- № 3 бу турбинасын қуатын 14 МВт-дан 30 МВт-ға дейін арттыра отырып ауыстыру
Мақсаты:
- Ақтөбе облысындағы электр энергиясына тапшылықты жабу үшін белгіленген қуатты арттыру
Жүзеге асыру мерзімі:
Жоба құны:
Техникалық шешімдер:
- БТ-30/40-3,0/1,0 бу турбинасы, «Уральский завод энергомашиностроения» АҚБ-да (Екатеринбург қ.) жасалған, бір білікті, роторының айналу жиілігі минутына 3000 айналым, қуаты 30 МВт бір реттелетін өндірістік бу алатын бір цилиндрлі. Турбина алдындағы бу сипаттамалары: қысымы - 3,0 МПа, температурасы - 410°С, шығыны - 270 т/сағ.
Тиімділігі:
- Жылына 240 млн. кВтсағ электр энергиясын қосымша өндіру
- ЖЭО-ның белгіленген қуатын 118 МВт-ға дейін арттыру
Ағымдағы жағдай:
- Мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Ақтөбе ЖЭО-да жаңа турбиналық агрегат іске қосылды. Жобаны іске асыру станцияның белгіленген қуатын 88-ден 118 МВт-ға дейін ұлғайтып, жылына 240 млн. кВтс көлемінде электр энергиясын қосымша өндіруді қамтамасыз етеді.