Жобаның атауы:
- Мойнақ СЭС Бестөбе су қоймасына Кеңсу өзенінің ағысын бұру.
Мақсаты:
- «Мойнақ СЭС» АҚ-ның электр энергиясын өндіру көлемін 102 млн. кВт-сағ. арттыру
Жүзеге асыру мерзімі:
- 2015 – 2021 жж.
Жоба құны:
- 2 669,4 млн. теңге
Техникалық шешімдер:
- Кеңсу өзені ағысының бір бөлігін Бестөбе су қоймасына бұру Мойнақ СЭС-те электр энергиясын өндіру көлемін арттыру үшін қажет. Су-энергетикалық есептеулерге сәйкес, ағысты бұру жүзеге асырылған жағдайда Мойнақ СЭС-інде электр энергиясын өндіру:
- су аз болған жылы 83 млн. кВтсағатқа;
- су көлемі орташа болған жылы 102 млн. кВтсағатқа;
- су көп болған жылы 150 млн. кВтсағатқа ұлғаяды.
Тиімділігі:
- Мойнақ СЭС-тің жылдық энергия өндіру көлемін 102 млн. кВтсағатқа ұлғайту.
- Алматы өңірі үшін қуатты реттеу мүмкіндігін арттыру.
- Алматы қ. мен Алматы өңірінің электр энергиясына өсіп отырған мұқтаждығын қамтамасыз ету.
Ағымдағы жағдай:
- ТЭН әзірленді.