Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты

Қоғамның дамуында іскерлік ортаның, бизнестің рөлінің ашықтығына қойылатын талаптар өсе түсіп отырған кезде «Самұрық-Энерго» АҚ даму стратегиясында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік ерекше орын алады.

Қоғамның орнықты дамуына қосқан үлесі үлесі үшін өзінің жауапкершілігін сезіне отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің әсері бар көптеген мүдделі тараптар – инвесторлар, серіктестер, қызметкерлер, өнім берушілер, мемлекеттік басқару органдары, қалың жұртшылық және т.б. алдында әлеуметтік жауапты мінез-құлық бойынша ерікті міндеттемелер қабылдайды.

Қоғам қоршаған ортаны қорғау мен энергия үнемдеу, жасыл технологияларды дамыту мен экологиялық стандарттарды ендіру, жергілікті қоғамдастықтарға қолдау көрсету, қайырымдылық және демеушілік қызмет бойынша қызметті жүзеге асырады.

Компания шегінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясы қызметкерлер мен адам капиталына инвестиция салуға, денсаулыққа, қауіпсіздікке, қызметкер еңбегін ынталандыруға, баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеуге, спорттық шараларға, өмір мен денсаулықты сақтандыруға, кәсіподақтар құруға жәрдемдесуге, қызметкерлерді оқытуға байланысты мәселелерге қатысты әлеуметтік жауапты шараларды іске асырады.

Қоғам жемқорлыққа қарсы әрекет ету саясатын қабылдады, ол еңбек саласындағы кемсітушілікке жол бермейді.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng