Акционердің шешімдері

«Самұрық-Энерго» АҚ–ның дауысқа ие барлық акцияларына иелік етуші «Самұрық-Энерго» акционерлерінің/акционерінің Жалпы жиналысының шешімі:

2016 жылы 05 шілдеде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ  Басқармасының  № 26/16 хаттама шешімі қабылданды:

1. «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 7 (жеті) адам болып белгіленсін.

2. «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы мына құрамда сайлансын:

1) Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы

2) Лука Сутера

3) Андреас Стоерзел

4) Ральф Новак

5) Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы

6) Спицын Анатолий Тихонович

3. Қуаныш Әбдіғалиұлы Бектеміров «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайлансын.

4. «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жыл болып белгіленсін.

2015 жылы 15 маусымда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқаруымен, № 26/15 Хаттама бойынша шешім қабылданды:

 «Самұрық-Энерго» АҚ Кеңес директорларын келесі құрам бойынша сайлау:

1) Бектеміров Қуаныш Абдугалиевич

2)  Спицын Анатолий Тихонович

3)  Лука Сутера

4) Саткалиев Алмасадам Маиданович

2015 жылы 27 мамыр «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық дауыс беретін акцияларына ие «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) акционерлері/акционері жалпы жиналысының шешімдері:

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасы 2015 жылы 27 мамыр (№22/15 хаттама) мынадай шешім қабылдады:

  1. Кодекс бекітілсін (әрбір заңды тұлғаға қатысты Кодекс атауының өзгеруін ескере отырып):
    1. Осы шешімнің №1 косымшасына сәйкес дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестері) жүз пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тесілі заңды тұлғалардың корпоративтік басқару кодексі ретінде «Акионерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, осы шешім аталған заңды тұлғалар үшін Жалғыз акционердің шешімі болып табылады;
    2. Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тура немесе жанама тиесілі заңды тұлғаларға қатысты корпоративтік стандартты қолдану үшін міндетті ретінде.
  2. Осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес тізілім бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың қолданыстағы корпоративтік басқару кодексінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес, заңды тұлғалардың Директорлар кеңестеріндегі/қадағалау кеңестеріндегі Қор өкілдері дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығына жанама тиесілі ұйымдарда корпоративтік басқару кодексі ретінде 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде (әрбір ұйымға қатысты Кодекс атауының тиісті өзгерістерін ескере отырып) белгіленген заңнамалық тәртіпте бекітілуін қамтамасыз етсін.

2015 жылы 22 сәуірде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасы 2015 жылы 22 сәуірде (№14/15 хаттама) мынадай шешім қабылдады:

  1. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2014 жылғы жұмысының қорытындылары туралы біріктірілген жылдық есебі бекітілсін;
  2. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2014 жылғы шоғыпландырылған жылдық қаржылық есебі бекітілсін;
  3.  2014 жылдың қорытындысы бойынша алынған 15 946 974 он бес миллиард тоғыз жүз қырық алты миллион тоғыз жүз жетпіс төрт мың) теңге мөлшерінде Қоғамның 2014 жылғы шоғырландырылған таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: 
    • 4 781 072 656 (төрт миллиард жеті жүз сексен бір миллион жетпіс екі мың алты жүз елу алты) теңге Жалғыз акционердің дивидендін төлеуге жіберілсін;  
    • 11 165 901 344 (он бір миллиард бір жүз алпыс бес миллион тоғыз жүз бір мың үш жүз қырық төрт) теңге Қоғамның қарауына қалдырылсын;
  4. 2014 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд мөлшері бір жай акцияға 855 (сегіз жүз елу бес) теңге 99 (тоқсан тоғыз) тиын мөлшерінде бекітілсін;
  5. Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу Қоғамның Жалғыз акционерінің банктік шотына шешім қабылданған сәттен бастап 60 күн ішінде қолма-қол ақшасыз ақша аудару арқылыжүргізілсін.
  6. Жалғыз акционердің «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының 2014 жылғы іс-қимылдарына байланысты өтініштерінің жоқ екендігі туралы ақпарат назарға алынсын. 

2015 жылғы 27 ақпан(Хаттама №07/15) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасы шешім қабылдады:

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Алексей Владимирович Огай мен Эндрю Вудворд Гудман Руперттің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2014 жылы 29 сәуірде «Самұрық- Қазына»ҰӘҚ» АҚ № 21/14 хаттама шешімі қабылданды:

  1. «Самұрық-Энерго» АҚ стратегиялық ПӘК орындау туралы, даму Жоспарында бекітілген» Есеп мәлімдемесін қабылдау;
  2. «Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық бағдарлама орындалуы туралы Есеп мәлімдемесін қабылдау;
  3. 2013 жылғы бірден-бір акционер басқа болжамды орындау «Самұрық-Энерго» АҚ Есеп мәлімдемесін қабылдау;
  4. «Самұрық-Энерго» АҚ күрделі инвестициялық жобаны іске асыру Есеп мәлімдемесін қабылдау;
  5. «Самұрық-Энерго» АҚ басқармасы және директорлар Кеңес мүшелері құрамы мен көлемі, ПӘК уәждемелік жетістікке жету туралы ақпарат мәлімдемесін қабылдау;
  6. 2013 жылғы «Самұрық-Энерго» АҚ даму Стратегиясын іске асыру туралы Есеп мәлімдемесін қабылдау.
  7. 2013 жылға Қоғам шоғырландыру жылдық қаржы есебін бекіту.
  8. 2013 жылға шоғырландырылған таза пайда есебі 40 853 022 000 (қырық миллиард сегіз жүз елу үш миллион жиырма екі мың) теңге, 2013 жылдың нәтижесі бойынша қабылданған тәртібі бойынша орналастыруын бекіту:

1) бірден-бір акционерге дивиденд төлеуге 20% таза табыстан 8 170 604 400 (сегіз миллиард жүз жетпіс миллион алты жүз төрт мың төрт жүз) теңге аудару керек.

2) Қоғам билеуіне 80% таза табыстан 32 682 417 600 (отыз екі миллиард алты жүз сексен екі миллион төрт жүз он жеті мың алты жүз) теңге көлемінде қалдыру керек.

9. Бір қарапайым акцияға 1 495,5 ( бір мың төрт жүз тоқсан бес) теңге 50 (елу) тиын осы мөлшерде дивиденд есебі көлемін бекіту керек.

10. 2014 жылы 31 шілдеге дейін Қоғамның Бірден-бір акционері банктік шотына қарапайым акция дивиденд бойынша ақшаны қолма-қол ақшасыз аудару жолымен аудару керек.

11. «Самұрық-Энерго» АҚ және оның 2013 жылғы лауазымды адам Бірден-бір акционері айналымы болмауы туралы ақпаратты мәлімдеуді қабылдау.

12. Қазақстан Республикасы « Қоғам акционері туралы» Заңының 5 бөлімі 35 тармағына сәйкес 2013 жылға«Самұрық-Энерго» АҚ Біріктірілген жылдық есеп нәтижесін бекіту керек.

2013 жылы 21 қазан «Самұрық-Энерго» АҚ Кеңес директорлары өкілеттілігі мерзімі өткенге дейін Руперт Эндрю Вудворда Гудманды «Самұрық-Энерго» АҚ тәуелсіз директоры- директорлар Кеңесінің мүшесі етіп тағайындау № 61/13 хаттама бойынша «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ басқармасымен,сонымен қатар төлем көлемі мен сыйақы шарттарын, шығын өтемақысы бойынша шешім қабылданды


2013 жылы 20 мамырда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқаруымен, 2012 жылы Қоғамның біріктірілген жылдық есебі бойынша № 24/13 хаттама бекітілді.

2012 жылы 8 мамырда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқаруымен, № 21/12 Хаттама бойынша шешім қабылданды:

  1. «Самұрық-Энерго» АҚ Кеңес директорлар құрамын алты мүше шамасында анықтау.
  2. «Самұрық-Энерго» АҚ Кеңес директорларын келесі құрам бойынша сайлау:

1) Бектеміров Қуаныш Абдугалиевич

2) Огай Алексей Владимирович

3) Спицын Анатолий Тихонович

4) Даукеев Гумарбек Жусупбекович

5) Лука Сутера

6) Саткалиев Алмасадам Маиданович


2011 жылы 24 қазанда «Самұрық-Энерго» АҚ Кеңес директорлары өкілеттілігі мерзімі өткенге дейін Қанат Нуров Ильичты«Самұрық-Энерго» АҚ тәуелсіз директоры- директорлар Кеңесінің мүшесі етіп тағайындау № 44/11 хаттама бойынша «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ басқармасымен,сонымен қатар төлем көлемі мен сыйақы шарттарын, шығын өтемақысы бойынша шешім қабылданды.


2011 жылғы 29 шілдеде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының №62-п бұйрығымен:

1. «Самұрық-Энерго» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту;

2.«Самұрық-Энерго» АҚ 2007 жылғы 18 сәуірдегі құрылтайшылардың  жалпы жиналысында бекітілген Жарғысын күшін жойған деп тану туралы (№1 хаттама) шешім қабылданды.


2011 жылғы 26 шілдеде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №62-п Бұйрығымен шешім қабылданды, №34/11 хаттама:

1.«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік басқару жүйесінің анықталған сәйкессіздіктерін жою және оны жетілдіру жөніндегі Жоспарын мәліметке алу.

2.«Самұрық-Қазына» АҚ өкіліне «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі құрамында «2011 жылға арналған «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік басқару жүйесінің анықталған сәйкессіздіктерін жою және одан әрі жетілдіру жөніндегі Жоспарын бекіту туралы» мәселенің «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің талқылауына белгіленген тәртіпте қойылуын қамтамасыз ету.


2011 жылғы 19 шілдеде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №33/11 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ Дивиденттік саясатын бекіту туралы шешім қабылданды


2011 жылы 15 маусымда Самұрық-Қазына» Ұлттық әл- ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқармасының №26/11 хаттамасымен мынадай шешім қабылданды: 
1) «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын; 
2) «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері: 
- Данияр Рүстемұлы Әбілғазиннің; 
- Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғановтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын. 
3) Жалпы директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанша акционердің өкілі ретінде: 
- Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев; 
- Алексей Владимиович Огай «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлансын.


2010 жылы 2 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №52/10 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2009 жылғы қаржылық жылдық есебін бекіту туралы шешім қабылдады. «Самұрық-Энерго» АҚ- ның 2009 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша орын алған шығындарға байланысты компанияның қарапайым акциялары бойынша дивиденттер төленген жоқ.


2010 жылдың 27 тамызында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №51/10 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2010 жылғы қаржы есеп-қисабына аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы шешім қабылданды.


2010 жылдың 13 тамызында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №47/10 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Оралұлы Ақшолақовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне Данияр Рүстемұлы Әбілғазинды сайлау туралы шешім қабылданды.


2010 жылдың 23 сәуірінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №27/10 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жария етілген акцияларының санын 2 304 055 қарапайым акцияға арттыру туралы шешім қабылданды.


2009 жылдың 21 мамырында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №53/09 хаттамасымен, бұған дейін «Самұрық-Энерго» Директорлар кеңесінің төарғасы болып сайланған Қайрат Нематұлы Келімбетовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Тимур Асқарұлы Құлыбаевты «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданды.


2009 жылдың 2 сәуірінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №26/09 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жария етілген акцияларының санын 990 250 қарапайым акцияға арттыру туралы шешім қабылданды.


2009 жылдың 2 сәуірінде«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №26/09 хаттамасымен төмендегі құрамда «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесін сайлау туралы шешім қабылданды:

1)Қайрат Нематұлы келімбетов - «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы; 
2) Болат Оралұлы Ақшолақов - «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; 
3) Ерлан Елемесұлы Упушев -«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; 
4) Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов – тәуелсіз директор, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; 
5) Ғұмарбек Жүсіпбекұлы - тәуелсіз директор, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

6) Ерлан Өрентайұлы Исекешев - тәуелсіз директор, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;


2008 жылдың 24 қазанында «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің №16/08 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жария етілген акцияларының санын 224 256 қарапайым акцияға арттыру туралы шешім қабылданды.


2008 жылы 11 шілдеде «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің №10/08 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жария етілген акцияларының санын 158 758 қарапайым акцияға арттыру туралы шешім қабылданды


2008 жылы 22 қаңтарда «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің №10/08 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жария етілген акцияларының санын 541 811 қарапайым акцияға арттыру туралы шешім қабылданды.


2007 жылы 12 қарашада «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» Акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының №165-П бұйрығымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексі бекітілді.


2007 жылы 17 қыркүйекте «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің №11/07 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жария етілген акцияларының санын 1 377 647 қарапайым акцияға арттыру туралы шешім қабылданды.


2007 жылы 18 сәуірде «ҚазТрансГаз» АҚ мен «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ кіретін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Құрылтайшы жиналысының №1 хаттамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ-н құру, құрылтай келісімшартын жасау, жарғылық капиталды бекіту, жарияланған акциялар санын белгілеу, Жарғыны бекіту және «Самұрық-Энерго» АҚ-н құрудың басқа да мәселелері бойынша шешімдер қабылданды.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng