Iскерлік әдеп кодексі және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның іскерлік әдеп кодексін қамтамасыз етуге бағытталған механизмдері туралы ақпарат

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Іскерлік әдеп кодексі «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 маусымдағы шешімімен бекітілген.

Іскерлік әдеп талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-да сенім телефоны және электронды мекен-жай ұйымдастырылған, олар туралы ақпарат сайтта жарияланып, «Самұрық-Энерго» АҚ офисінде көрсетілген. Қоғамда азаматтардың, соның ішінде Іскерлік әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қабылдауға пошта жәшігі орнатылған. 

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрығымен міндетіне Іскерлік әдеп кодексінің (омбудсмен) ережелерін түсіндіру, сондай-ақ Іскерлік әдеп кодексінің ережелері мен компанияның оны жүзеге асыру саясатын бұзу туралы мәліметтерді жабық жағдайда жинау және қарау кіретін тұлға тағайындалған. 

Іскерлік әдеп кодексіне қатысты және/немесе жұмыс барысында туындаған мәселелер бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекет фактілері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері корпоративтік хатшыға өзін таныстырып немесе жасырын түрде тиісті шаралар қабылдау үшін өтініш бере алады. 

Сондай-ақ, іскерлік әдеп мәселелері және/немесе іскерлік әдеп қағидаларын бұзу оқиғаларын қызметкерлер тікелей жетекшімен талқылай алады. Егер талқылау қорытындысы бойынша құптауға болатын шешім табылмаса, онда қызметкер сәйкес мәселе туралы ұсыныстар алу/немесе тиісті шаралар қабылдау үшін Корпоративтік хатшыға хабарлауы тиіс. 

Мүдделі тұлғалар Корпоративтік хатшы арқылы Директорлар кеңесіне Басқарма мүшелерінің заңсыз және әдепсіз әрекеттері туралы хабарлауға құқылы.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng