Mемлекеттің әсер ету сипаты туралы ақпарат, соның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның мемлекеттік органдармен келісуді талап ететін мәселелерінің тізімі

«Самұрық-Энерго» АҚ мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, «Самұрық-Энерго» АҚ Жарғысы мен ішкі құжаттарымен, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес, тараптардың тәуелсіздігі негізінде жүзеге асырады. 

Қоғам мемлекеттік органдар тарапынан және «Самұрық-Энерго» АҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан жемқорлық пен басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге жол берілмеуіне бар күшін салады. 

Мемлекеттің «Самұрық-Энерго» АҚ-на тікелей әсері жоқ, Қоғам қызметіне әсер ету Қоғамның барлық дауыс беруші акцияларына ие акционер ретінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қабылдайтын шешімдер арқылы жүзеге асырылады. 

«Самұрық-Энерго» АҚ ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен келісу қажет болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдармен келісуді талап ететін шешімдерді қабылдамайды.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng