«Самұрық-Энерго» АҚ ішкі бақылау жүйесі және тәуекелдерді басқару жүйесі туралы ақпарат

«Басқару жүйесі мен амал-тәсілінде тәуекелге бару қажеттілігін қоғам жақсы түсінеді. Соның арқасында корпоративті басқарудың негізі қаланады, мәселен,  уақтылы идентификациясы жасалады, баға беріледі, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мекеменің абыройы мен қаржы саласын қауіптен қорғау мақсатында алдағы уақытта болатын жағдайды саралап алдын алуға тырысады.

Тәуекелді жағдай кезінде басқару жүйесін қоғамға, оның еншілес және тәуелді ұйымдарына енгізу және жетілдіру бағытында құрылымдық бөлімшелер ашылды. Олар тәуекелді жағдайларды анықтайды, шығу жолын табады, сондай-ақ арнайы комитеттер де жұмыс істейді.

Басқарма жанындағы тәуекелді жағдайлар жөніндегі комитеттің келісімімен белгілі бір мәселе туындаған жағдайда нақты шешім қабылдау үшін жоғары сатыда тұрған Компания тобының мүшелеріне бекітуге жіберіледі.

Жылдың аяғына дейін тәуекелді жағдайды басқару жөніндегі біріккен әдістемелік базасын құруға бағытталған біршама жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ,  тәуекелді жағдайды басқару саясатын жетілдіру, тәуекелді жағдайларға баға беру және идентификация ережелерін ойлап табу, банк құрылымына негізделген несие тәуекелін басқару жөніндегі ережелер шығарылды. Қоғамдық директорлар кеңесінің бекітуімен тәуекелді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жетекшісі шоғырлану көрсеткішін, тәуекел картасын, тоқсандық есебін, қауіп төндіріп отырған тәуекелді жағдайларды саралап нәтижесін басшылыққа ұсынуы тиіс.  Тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігіне баға берілді, алынған нәтижелері негізінде жүйені жетілдіру жолдарының кепілдемесі жасалды.

Қоғамның тәуекелін идентификациялау кезінде әлем тәжірибесіне сүйенеді, соның ішінде салалық және халықаралық бенчмаркілер, сарапшы бағасы, статисткалық мәліметтер, болған шығындардың мәліметтер базасы, зерттеу және тексеру жұмыстарының нәтижесі және т.б. Жинақталған мәліметтер тіркеліп, карта жасалады, кейіннен оларға сараптама жүргізіледі, басқару және зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін. Ол жылына бір рет жүргізіледі. Тиімділігі мен қаншалықты қауіпті екендігін анықтап қарастыру үшін.

Қоғамның тәуекелді басқару саясатына сәйкес келесі түрлерін ерекше бөліп шығарды:

  • Стратегиялық;
  • Операциялық;
  • Қаржылық;
  • Құқықтық.

Қазіргі таңда қоғамның жұмысы негізгі және көмекші құрылғылардың физикалық түрде тозуына, тиімділігі төмен активтердің болуы, шикізат бағаларының өсуі, экологиялық талаптар мен электроэнергетикадағы құқықтық базаның өзгеруіне, пайыздық мөлшерлемесі мен валюта бағамының тұрақсыздығына және т.б. байланысты.

Технологиялық мүмкіндіктерді төмендетуден бас тарту арқылы негізгі және көмекші құрылғылардың сенімділігін анықтау мақсатында үнемі зерттеулер жүргізіледі, қолданбалы құрылғыларды жаңарту және қалпына келтіру мақсатында кең көлемді инвестициялық бағдарламалар жүзеге асырылады, уақтылы жөндеу жұмыстарын көрсетуге аса назар аударылады.

Қоғам жұмыс аясында өндірісте болатын қатерлі жағдайларға ерекше мән бөледі. Еңбек қауіпсіздігі бағытында қызметшілер арасында үнемі оқу жұмыстары жүргізіледі, қайталау сабақтары және жоспардан тыс нұсқаулар беріледі, медициналық тексеруден өтіп, денсаулығының жарамдылығы туралы куәландырады. Өндірісте болған кез келген келеңсіз жағдай арнайы құрылған комиссиямен толыққанды зерттеліп,  шешім қабылдау үшін ДЗО Директорлар кеңесі/Бақылау кеңесіне жіберіледі. Өндірісте алған жарақат туралы шешімді ДЗО қоғамының бірінші басшысы шығарады. Ол үшін қоғам бюджетінде барлық жағдайлар қарастырылған,  алғашқы медициналық көмек көрсету және емдеу қызметтері, қаржылай көмек, денсаулыққа зиян тигізетін ортада жұмыс істегендіктен компенсация төлеу, қосымша тамақтандыру,  жоспардан тыс демалыстар беру, индивидуалды қорғау құралын пайдалану, жұмыс орындарында лабораториялық өлшеулер жүргізу және т.б.

Алдағы уақытта қоғам өндірістің атмосфераға шығаратын зиян заттардың мөлшерін азайтуды жоспарлап отыр. Оны қоршаған ортадағы халықаралық стандарттарға сүйене отырып және жаңа технологияларды пайдаланып жүзеге асырмақ ойы бар, соның ішінде энергия көзін қайта өңдеп шығару да бар. Объектілердің құрылысы, қалпына келтіру және жаңартуы кезінде инновациялық құрылғылар пайдаланылып, адам денсаулығына зиян тигізетін материалдардың көзін (мәселен, полихлорлы дифенил ПХД) жою. Энергияның тиімділігіне ерекше назар аударуда. Соның ішінде ескі-құсқы электроқұрылғыны жаңарту, өндіріс қуаттылығын көбейту, электр және жылу энергиясын тарату және алыс аймақтарға жеткізу, электр және жылу энергиясын тұрғындардың дұрыс пайдалануы.

Валюталық және пайыздық тәуекелді басқаруда қоғам тәуекелді хеджирлеу және шектеу саясатын ұстану арқылы пайыздық мөлшері бар шетелдік валютаның қарызын қатыстыруды көздеп отыр. Үнемі валюталық ұстаным мен пайыздық алшақтық жүзеге асады, пайыздық мөлшерлемемен валюталық қарызды қайта қаржыландыру және ұлттық валютамен келісім-шартқа отыру негізделген.  Электроэнергетикадағы құқықтық базаның өзгеруі тәуекелдің көрсеткішін қолайсыз жағдайда төмендету үшін қоғам нормативті-құқықтық актілер жобасын құруда атсалысып, соған сәйкес келетін барлық салалық қауымдастықтардың мүшесі болып келеді.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng