«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібіне ұсыныстарды енгізу тәртібі

Директорлар кеңесі отырыстары оның өкілеттілік мерзімі басталған соң жыл сайын ұтымдылық, тиімділік және тұрақтылық принциптеріне негізделіп құрылатын кестеге сай өткізіледі. Директорлар кеңесінің отырыстары жылына алты реттен кем өтпеуі керек.

Директорлар кеңесінің отырыстары оның төрағасының не атқарушы органның бастамасы бойынша немесе:

1) Директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің;

2) Қоғамның Ішкі аудит қызметінің;

3) Қоғам аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымның;

4) ірі акционердің талабы бойынша шақырылуы мүмкін.

Директорлар кеңесінің отырысын шақыру туралы талап оның төрағасына Директорлар кеңесі отырысының ұсынылатын күн тәртібі көрсетілген тиісті жазба нысандағы хабарламаны бағыттау арқылы тапсырылады.

Директорлар кеңесінің төрағасы отырысты шақырудан бас тартқан жағдайда бастамашы аталған талаппен атқарушы органға ұсыныс жасауға құқылы, ал атқарушы орган Директорлар кеңесінің отырысын шақыруға міндетті.

Директорлар кеңесінің отырысын Директорлар кеңесі төрағасы немесе атқарушы орган шақырылу туралы талап түскеннен кейін, егер Қоғам Жарғысында басқа мерзім көрсетілмесе, он күнтізбелік күннен кешіктірмей шақыруы тиіс.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng