«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің тізімдері мен функциялары

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің тізімдері мен функциялары 

«Самұрық-Қазына» АҚ-да құрылды және әрекет етеді:

Қоғамның Директорлар кеңесінің аудит бойынша комитеті.

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ережесіне сәйкес әрекет етеді. 
Аудит бойынша комитет Қоғам акционерлерінің мүдделері үшін әрекет етеді және оның жұмысы Қоғамның Директорлар кеңесіне келесі мәселелер бойынша ұсыныстар жасау жолымен ықпалдастық көрсетуге бағытталған:1) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне (соның ішінде қаржы есептілігінің толықтығы мен шынайылығына тиімді бақылау жүйесін белгілеу);
2) ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын бақылау;
3) сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үдерісін бақылау; 
4) осы ереженің талаптарына сәйкес, басқа да мәселелер.

Аудит бойынша комитет бекітілген тәртіппен, келесі функцияларды атқарады:1) қаржы есептілігі мәселелері бойынша;
2) ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша;
3) сыртқы аудит мәселелері бойынша;
4) ішкі аудит мәселелері бойынша;
5) заңнаманы сақтау мәселелері бойынша.

Қоғамның Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы бойынша комитеті.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы бойынша комитеті өз қызметін «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы бойынша комитеті туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитеттің құзырына келесі мәселелер кіреді:1) Тәуелсіз директорлар мен Корпоративтік хатшы болуға кандидаттар үшін біліктілік талаптарын дайындау;
2) Тәуелсіз директорларға кандидаттар, Басқарма құрамы, Корпоративтік хатшы және басқа да қызметкерлер бойынша Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес ұсыныстар. Акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзырына жатқызылған лауазымға кандидаттарды сайлау (тағайындау) Комитетпен Қоғамның ішкі құжаттарының сәйкес ережелерінің және\немесе акционерлердің жолдауы (тапсырмасы) негізінде қаралады; 
3) қайта сайланған Директорлар үшін соның ішінде Қоғам туралы ақпарат, Директорлардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген нұсқаулықтарды жасау;
4) Директорлар кеңесі мен Басқарма, Директорлар кеңесі комитеттері мүшелерінің және Корпоративтік хатшының мирасқорлығын жоспарлау саясатын жасау;
5) Директорлар кеңесімен бекітілген тізбеге сәйкес, Басқармаға кандидаттар мен басқа да жетекші қызметкерлерді бағалау;

Қоғам Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетіөз қызметін «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Комитет құзыретіне келесі мәселелер кіреді:
1) Қоғамның стратегиялық мақсаттарын алдын ала қарау, өзгертулер мен толықтырулар енгізу, сонымен бірге оларды мезгіл-мезгілімен қайта қарап отыру; 
2) Қоғамның қолданыстағы даму стратегиясына ықпалын анықтау үшін экономикалық және бәсекелестік ортадағы өзгерістерге мониторинг жүргізу және осы өзгерістерді ескере отырып, даму стратегиясын қайта қарауды/ қайта бағалауды қамтамасыз ету; 
3) тұрақты түрде, ең азы жартыжылдықта бір рет, Қоғамның даму стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысын қарау, даму стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігінің бағалай отырып және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ұсыным-кеңестер бере отырып, Директорлар кеңесіне есебін ұсыну; 
4) Қоғам (дамуының) қызметінің басым бағыттарын анықтауға қатысты стратегиялық шешімдерді шығару және Қоғам дамуының бекітілген басым бағыттарын қадағалауды бағалау жөнінде Директорлар кеңесіне ұсынымдар беру және талдау; 
5) Ұзақ мерзімді келешекте Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты стратегиялық шешімдерді шығару жөнінде Директорлар кеңесіне ұсынымдар беру және талдау; 
6) Бірігу, қосылу, бөліну, бөліп алу, қайта құру түріндегі Қоғамды қайта ұйымдастырумен байланысты стратегиялық шешімдерді шығару жөнінде Директорлар кеңесіне ұсынымдар беру және талдау; 
7) Қоғамның даму стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын алдын ала қарау.

 2.«Корпоративтік басқару» тарауының «Корпоративтік басқару тәжірибесі» бөлімінің «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамы» бөлімі келесі ақпаратпен толықтырылсын.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng