Спицын Анатолий Тихонович

Тәуелсіз директор

Спицын Анатолий Тихонович

2016 жылы 5 шілдеде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 26/16 хаттама) Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып сайланды. Тағайындаулар және сыйақы комитетінің төрағасы, Аудит комитетінің мүшесі, Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы.

1939 жылғы 24 мамырда Ресейдің Краснодар өлкесі Апшеронск қаласында дүниеге келген. Ресей Федерациясының азаматы.

  • 1962 жылы – Одесса теңіз флоты инженерлері (инженерлік-құрылыс) институтын инженер-құрылысшы (теңіз порттары мен қондырғыларын салу) мамандығы бойынша бітірген.
  • 1972 жылы – КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылым академиясының аспирантурасын аяқтаған.
  • 1956-1957 жж. – Теңіз пароходтығының Новочеркасск вагон жасау зауыты құрлысының жұмысшысы (Туапсе қаласы);
  • 1957-1962 жж. – Одесса теңіз флоты инженерлері институтының (инженерлік-құрылыс) студенті, Одесса қаласы;
  • 1962-1964 жж. – «Ростсельмаш» зауытының құрылысының (Ростов-на-Дону), өндірістік нысандар құрылыс басқармасының (Петропавл қаласы, Қазақ КСР) учаске бастығы;
  • 1964-1969 жж. – Петропавл қалалық, Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы (Петропавл қаласы);
  • 1969-1972 жж. – КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылым академиясының асиранты, Мәскеу қаласы;
  • 1972-1977 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитеті Құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Петропавл қаласы;
  • 1977-1981 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Петропавл қаласы;
  • 1981-1987 жж. – Қазақстан компартиясы Торғай обкомының хатшысы (өнеркәсіп, құрылыс, қалалық және коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етті);
  • 1987-1992 жж. – КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылым академиясының Халық шаруашылығы экономикасы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, докторант, профессор, Мәскеу қаласы;
  • 1992-1994 жж. – Ресей басқару академиясы Нарықтық экономика мәселелері орталығының ғылыми хатшысы, профессор, Мәскеу қаласы;
  • 1994-2010 жж. – РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы Нақты экономика және қаржы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, профессор, Мәскеу қаласы;
  • 2010-2013 жж. - РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының ХМҚБИ-ы Қоғамдық сектор экономикасы және қаржы кафедрасының профессоры;
  • 2013 - бүгінге дейін - РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы Ұлттық қауіпсіздік факультеті Ұлттық қауіпсіздік кафедрасының профессоры.

Ғылыми дәрежесі: Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану академиясының толық мүшесі, РЖҒА вице-президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.

170 астам ғылыми жарияланымдардың, 12 дербес және 14 ұжымдық монографияның авторы.

3 Еңбек Қызыл ту ордені (1976, 1981, 1986 жж.), ҚР «Достық» ордені (2014 ж.), «Профессионал России» ордені, РХҒА «Рыцарь науки и искусства» ордені, В.В.Леонтьев атындағы «За достижения в экономике» құрметті медалі, 7 мемлекеттік және 12 қоғамдық медальмен наградталған.

Лауазымдары:

  • Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Ұлттық қауіпсіздік факультеті Ұлттық қауіпсіздік кафедрасының профессоры;
  • Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) Интеграциялық мәселелер институтының директоры;
  • Ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті;
  • «KEGOC» АҚ-ның тәуелсіз директоры.

 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng