Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев

5 шілде 2016 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 26/16 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі  болып сайланды.

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлының қызмет тізімі:

  • 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған, қолданбалы-математик, механик.
  • Экономика ғылымдарының кандидаты. ТМД еңбек сіңірген энергетигі.
  • 1992 жылдың тамыз айынан бастап - «ТаССат» ЖШС-нің директоры.
  • 1997 жылдың қыркүйек айынан бастап - «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдаушы компаниясы» АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің басшысы, жобаларды басқару департаментінің бастығы.
  • 1998 жылдың тамыз айынан бастап - «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдаушы компаниясы» АҚ-ның басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.
  • 2001 жылдың қаңтар айынан бастап – «KEGOC»  АҚ-ында қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.
  • 2003 жылдың қараша айынан бастап - «KEGOC» АҚ-ның бірінші вице-президенті.
  • 2006 жылдың мамыр айынан бастап - «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның «КЕGOC» АҚ бойынша директоры-топ жетекшісі
  • 2006 жылдың желтоқсан айынан бастап - «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның электроэнергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры.
  • 2007 жылдың қаңтар айынан - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары.
  • 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап «KEGOC» АҚ-ның президенті, 2008 жылдың қазан айынан бастап - «KEGOC» АҚ-ның вице-президенті.
  • 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап - «KEGOC» АҚ-ның Басқарма Төрағасы.
  • 2011 жылдың маусым айынан бастап - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарушы директоры.
  • 2012 жылдың қаңтар айынан бастап – Қоғамның Басқарма Төрағасы.
  • 2015 жылғы шілдеден – «Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng