«Самұрық-Энерго» бүгін

Жұмыс істеп тұрған генерациялаушы қуаттарды жаңарту және жаңаларын енгізу бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу мен оны іске асыру мақсатында 2007 жылғы 18 сәуірде құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық - Энерго» акционерлік қоғамы құрылды (бұдан әрі - «Самұрық - Энерго» АҚ немесе Қоғам). Құру кезінде «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ Қоғамның құрылтайшылары болып табылды.

Қоғам 2007 жылғы 10 мамырда тіркелді. Қоғамның орталық аппараты Алматы қаласында орналасты.

2008 жылғы 3 қарашада «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ және «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ қайта ұйымдастыру нәтижесінде,«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ – ның заңдық құқық иеленушісі болып табылатын «Самұрық - Қазына» Ұлттық әлауқат қоры» АҚ Қоғамның акционері болды. «ҚазТрансГаз» АҚ акционерлер құрамында қалды.

2008-2011 жылдары «Самұрық - Энерго» АҚ құрамына бірқатар компаниялар кірді. Олардың ішінде: ірі көмір кесіндісі бар «Богатырь Көмір» ЖШС , «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, ЖШС «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1», «Ақтөбе ЖЭО»АҚ, «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС»АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электрлік станциялары»АҚ,«Шардара ГЭС» АҚ және тағы басқалар.

2010 жылдың мамырында Қоғам Алматы қаласынан Астана қаласына көшті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 тамызда №1103 қаулысымен «ҚазТрансГаз» АҚ тиесілі «Самұрық - Энерго» АҚ – ның акциялары «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ өтті. Сөйтіп, қазіргі уақытта «Самұрық – Қазына» АҚ Қоғамның жалғыз акционері болып табылады.

Қазіргі таңда Қоғам – Қазақстанның барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, энергия үнемдеудің жоғары тиімді жүйесін құруға бағытталған және өз акционерлеріне бағаны құрайтын, халықаралық энергиялық балансқа табысты интеграцияланған ірі көпсалалық энергетикалық кешен.

Дамудың стратегиялық бағыттары және Қоғам мақсаттары:

1. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мақсат:

1.1. Электр энергиясы мен көмірдің сенімді жеткізілуін қамтамасыз ету және ОЭЖ – нің тұрақтылығын қолдау

2. Акционерлік капитал құнын жоғарлату

Мақсат:

  • Акционерлер мүддесін қорғау және Қоғам акцияларын алғашқы рет табысты орналастыру (Халықтық IPO);
  • Холдингтің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • Холдинг активтерінің құрылымын оңтайландыру;
  • Коммерциялық жобаларға қатысу.

3. Әлеуметтік жауапкершілік

Мақсат:

  • Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • Өндірістік жарақаттануды жою;
  • Қоршаған ортаны қорғау.

Негізгі өндірілетін өнім

  • Электр энергиясын өндіру;
  • Жылу энергиясын өндіру;
  • Электр энергиясын тарату және бөлісу;
  • Энергетикалық көмірді өндіру

Өндірістік қуаттар

Станцияның белгіленген қуаты 9 665,2 МВт – ты құрады, бұл ҚР ОЭЖ электр станцияларының жалпы белгіленген қуатының 47,3% құрайды.
Электр энергиясын өндіру көлемі 34 749,3 млн. кВтсағ құрады, бұл 2012 жылы ҚР ОЭЖ электр станцияларының жалпы электр энергиясы өндірісінің 38,5% құрайды.

0,4 - 220 кВ, км кернеулі ЭТЖ ұзындығы:

  • Әуе ЭТЖ - 63535;
  • Кабелді ЭТЖ- 5749;
  • ЭТЖ жалпы ұзындығы - 69285 («ШҚ БЭК» АҚ есебімен).
  • 220 және төмен кернеулі шағын станциялар бойынша мәліметтер:
  • 35 кВ және жоғары кернеулі шағын станция;
  • Саны - 575 толық қуаты - 11200 МВА;
  • 6-10/04 кВ кернеулі шағын станция;
  • Саны - 13861 толық қуаты - 3792,2 МВА.

Негізгі нарықтар

ҚР – ның ОЭЖ аймақтары бойынша «Самұрық - Энерго» АҚ ЕТҰ – ның өнімді және қызметтерді сатудың негізгі кілтті нарығы(электрлік энергияның сауда нарықтары және жылу энергиясының жергілікті нарықтары):

  • Сотүстік аймақ – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс - Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы
  • Оңтүстік аймақ – Алматы, Жамбыл, Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы
  • Батыс аймақ – Маңғыстау облысы

Сонымен қатар, өндірілетін энергетикалық көмір Қазақстанның ішкі нарығында сатылып, Ресей Федерациясына экспортталады.

Акционерлер туралы ақпарат

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ тиесілі электр энергетикалық активтерді «Самұрық - Энерго» АҚ біріктіру жоспарланғанын есепке ала отырып, «Самұрық - Энерго» АҚ - ның құрылтайшылары болып шықты:

  • «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ

2008 жылы 3 қарашада «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ және «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ қайта ұйымдастыру нәтижесінде,«Самұрық» мелекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ заңды құқық иеленушісі болып табылатын «Самұрық - Қазына» Ұлттық әлауқат қоры» АҚ Қоғамның акционері болды. «ҚазТрансГаз» АҚ акционерлер құрамында қалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1103 тамыз қаулысымен «ҚазТрансГаз» АҚ тиесілі «Самұрық - Энерго» АҚ – ның акциялары «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ – на өтті. Сөйтіп, қазіргі уақытта «Самұрық – Қазына» АҚ Қоғамның жалғыз акционері болып табылады.

Енді «Самұрық – Қазына» АҚ «Самұрық - Энерго» АҚ 100% акционері болып табылады.

2007 жылғы 18 сәуір «Самұрық - Энерго» АҚ – ның құрылтайшыларының жалпы жиналысымен бекітілген, «Самұрық - Энерго» АҚ – ның Жарғысына сәйкес мыналар Қоғам органдары болып табылады:

  • Акционерлердің жалпы жиналысы
  • Директорлар кеңесі
  • Басқару
  • Ішкі аудит қызметі

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng