Бос жұмыс орындары бар екендігі туралы ақпарат

Қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында энергетикалық және көмір кәсіпорындарын басқаратын холдингтік компания болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ ұжымы – Қоғам алдында тұрған стратегиялық міндеттерге қол жеткізудегі негізгі буын және маңызды ресурс, табыс негізі әрі оның болашақтағы орнықты дамуының негізгі кепілі болып табылатын кәсібилер командасы.

Қоғам қызметкерлердің кәсіби дамуына мүмкіндіктер ұсына отырып, көптеген оқу бағдарламалары, мансаптық өсу және әлеуметтік қолдау арқылы персоналды басқару жүйесін жетілдіруге  айрықша көңіл бөледі.

Қоғамда персоналдың сапасын қамтамасыз ету үшін үміткерлерді бос орындарға конкурстық іріктеу рәсімдері іске асырылады, ол конкурстық іріктеуге қатысатын барлық үміткерлерге тең мүмкіндіктерді қарастырады.

Конкурстық іріктеу рәсімдері үміткерлердің қазақ және ағылшын тілдерін білу деңгейлерін, кәсіби білімдерін анықтау, сондай-ақ сұхбат жүргізу мен Конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өту түрінде ұйғарылады.

Кәсіби білімдерін бағалау тестілері бойынша шекті мән сұрақтардың жалпы санының кемінде 70 % дұрыс жауабын құрауы тиіс. Конкурстық комиссиямен әңгімелесуге тестілеу кезеңінен және біліктілігі бойынша сұхбаттан ойдағыдай өткен үміткерлер жіберіледі.

Бос орындар тізімін қарау үшін «Жаңа бос орындар» бөлімін қараңыз.

Түйіндеме мына: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекенжай бойынша қабылданады. Конкурсқа қатысқысы келетін адамдар бек бір ғана бос орынға түйіндеме жібере алады.

«Самұрық-Энерго» АҚ мекенжайы: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр көшесі 15А, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 55 31 19.

«Самұрық-Энерго» АҚ үміткерлердің конкурсқа қатысуға байланысты шығындарын өтемейді. Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (тестілеу немесе әңгімелесу өтетін жерге және кері қарай жол жүру ақысы, баспана жалдау, тұру, барлық байланыс қызметтерін пайдалану) үміткер өз есебінен төлейді.


Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng