«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2010 жылға арналған іс-шаралар күнтізбесі

2010 жыл, мерзімі Оқиғалар
ақпан «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы «Богатырь Көмір» ЖШС-ға иелік етуші «Forum Muider B.V.» компаниясының 50 пайыз акциясын сатып алуымен байланысты міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен Кредиттік келісімшарт жасау туралы шешім қабылдады (№2 хаттама).
  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесі Қоғам тәуекелдерін басқару саясаты мен Тәуекелдерді сәйкестендіру ережелерін бекітті (№30 хаттама)
  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесі «ҚазҚуат» акционерлік қоғамын тарату туралы шешім қабылдады және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлады (№31 хаттама)
  «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы «Ақтөбе ЖЭО-ны жаңарту және қайта құру» жобасын «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобалар қоржынына қосу, «Ақтөбе ЖЭО-ны қайта құру және жаңарту» жобасын қаржыландырудың шарттары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен мәмілеге отыру мәселелері бойынша шешім қабылдады, бұл мәмілені жасаудағы көздеген мүдде - «Ақтөбе ЖЭО-ны қайта құру және жаңарту» жобасының жүзеге асырылуын қаржыландыру мақсатында 1,2 миллиард теңге соманың займына қол жеткізу (№6 хаттама)
  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесі «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының жария етілген акциялар санын 40 000 000 (40 миллион) қарапайым акциялар бірлігіне арттыру туралы шешім қабылдады (№35 хаттама).
  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің қатысумен Астанада өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі мәжілісінің қорытындысы бойынша «2-Екібастұз ГРЭС» АҚ-ның, «Сыртқыэкономбанк» және Еуразиялық даму банкінің арасында келісімге қол қойылды. Станцияның қуаты 600-630 мегаваттық үшінші энергоблогының құрылыс жобасын жүзеге асыру мақсатында 770 миллион долларға дейін несие желісін тарту туралы келісімге қол қойғандардың қатарында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Е.Үпүшев бар.
26 шілде «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі «ҚМГ-Энерго» АҚ-ны ерікті негізде тарату туралы шешім қабылдады (№37 хаттама).
  «Стратегия -2030: орнықты даму жолы» тақырыбында өткен конференция жұмысына «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері: Басқарма Төрағасы Е.Е.Үпүшев, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Е.А.Әбітаев, Басқарушы директорлар А.И.Ли, С.А.Шонаева және т.б. қатысты.
  «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Балқаш ЖЭС-і» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды (№38 хаттама)
  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Қытайдың «Датан» корпорациясы арасында Жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оператор «Самұрық-Энерго» АҚ.
  «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Кредит комитетін құру және «Самұрық-Энерго» АҚ Кредит комитеті туралы ережені бекіту туралы шешім қабылдады (№30 хаттама).
  «Самұрық-Энерго» АҚ шотына «Мойнақ СЭС-і» АҚ акциялары аударылды.
21 желтоқсан «Қазақстан» Орталық концерт залында, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімінің және Бизнестің әлеуметтік жауапкершілік саласындағы «Парыз» конкурсының аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мойнақ СЭС-і құрылысы» жобасын таныстырды.
III-IVтоқсан «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «КПМГ Такс энд Эвайзори» ЖШС кеңесшілерімен бірлесіп, «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік басқару жүйесіне диагностика жүргізді. Соның нәтижесі бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік басқару деңгейінің үздік тәжірибе талаптарына сәйкестігі 39,7 пайызды құрады.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng