«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2011 жылға арналған іс-шаралар күнтізбесі

Бұл ресми құжат емес. Оқиғалардың санамаланып берілген мерзімдері мен сипаты қоғамға байланысты емес жағдайлар бойынша өзгеруі мүмкін.

2011 жылғы мерзімдер

Оқиғалар

05 сәуір

ҚР Әділет министрлігі Алматы қ. Әділет департаменті «КМГ-Энерго» АҚ-ны ерікті түрде тарату рәсімін өткізуге байланысты, «Самұрық-Энерго Строй Сервис» ЖШС-ны мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылды. Нәтижесінде «Самұрық-Энерго Строй Сервис» ЖШС-ға 100% қатысу үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ-ға берілді.

 

19 мамыр

«Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің «Қазақстанның электр энергетикасының даму жағдайы мен келешегі»   тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында өткен дөңгелек үстелге қатысып, баяндама жасауы.

 

18 мамыр

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ арасында сенімгерлік басқару шарты жасалды да, «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС жарғылық капиталына 50% қатысу үлесімен «Самұрық-Энерго» АҚ-ға берілді.

 

27 мамыр

 

Алматы қ. ТМД Электр энергетикасы кеңесінің 39-отырысының жұмысына қатысу.

 

13 маусым

«Самұрық-Энерго» АҚ және Қытай Экспорт-импорт банкі» жалпы сомасы 500  миллион АҚШ долларына дейін  электр станцияларын, тарату тораптарын және басқа келешегі бар жобаларды жүзеге асыруда қаржылық ынтымақтастық туралы шекті келісімге қол қойды.

 

15 маусым

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесі (№ 26/11 хаттама)  Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың және Директорлар кеңесінің мүшелері Данияр Рүстемұлы Әбілғазин және Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғановтың  өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы болып «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның басқарушы директоры Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев, Директорлар кеңесінің мүшесі болып Алексей Владимирович Огай  сайланды.

 

20 маусым

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ны мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылды, нәтижесінде «АлматыЭнергосбыт» ЖШС-ға 100% қатысу үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ-ға берілді.

 

04 шілде

«Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» индустриялық-инновациялық форумы шеңберінде ел өңірлерімен телекөпір барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ерлан Упушев, «Интер РАО ЕЭС» ААҚ өкілі Владимир Алганов және «Екібастұз станциясы МАЭС-2» АҚ-ның Басқарма төрағасы  Ғани Сәлімжуаров  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа 3-энергоблок құрылысын бастауға дайын екендігін хабарлады.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «онлайн» режімінде  қуаттылығы 630 МВт «№ 3 энергоблокты орнатумен  «Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңғырту» жобасын іске асыруды бастауға старт берді.

 

18 тамыз

Екібастұз қаласы Әділет басқармасының № 376 бұйрығымен «Екібастұз энергоорталығы» АҚ-ны тарату рәсімі аяқталды, «Екібастұз энергоорталығы» АҚ заңды тұлғалар тізбесінен шығарылды.

 

25  тамыз

ҚР Үкіметі мен Корея Үкіметі арасында «Балқаш ЖЭМ құрылысы» жобасын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету аясында келісімге қол қойылды.

21 қазан

«Самұрық-Энерго» АҚ «Алматы электр станциялары» АҚ-ның 986 455 жай акциясын сатып алу бойынша мәміле жасады.  Осылайша «Самұрық-Энерго» АҚ «Алматы электр станциялары» АҚ-ның    37,377 % жай акцияларын иеленуші болып табылады.

 

24 қазан

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 44/11 хаттама) Қанат Ильч Нұров «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуелсіз директоры,  Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

 

1-3 қараша

«PowerKazakstan 2011» халықаралық көрме-конференцияға қатысу.

 

15 қараша

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесімен (№52 хаттама) мына тағайындаулар келісілді:

- Тұрғанов  Дүйсенбай Нұрбайұлын  Қоғамның  Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына;

- Шунаева Салтанат Аманқосқызын Қоғамның Инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры лауазымына;

- Аманжолов  Айдар  Есдәулетұлын Басқарушы директора лауазымына;

- Тулекова Сәуле Бекзадақызын Қаржылық есеп департаментінің директоры – бас бухгалтер лауазымына.

15 қараша

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесі шешті (№ 52 хаттама):

1. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының сандық құрамы 6 адам мөлшерінде деп анықталсын;

2. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның келесі мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын:

- Әбітаев Есберген  Әбітайұлы,  Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;

- Тіленбаева Әлия Ақмырзақызы, инвестициялар жөніндегі басқарушы директор;

3. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқарма мүшелері болып  жалпы Басқарманың өкілеттілік мерзімі аяқталған дейінгі мерзімге  мыналар сайлансын:

- Тұрғанов  Дүйсенбай Нұрбайұлы, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары;

- Әбітаев  Есберген  Әбітайұлы, өндірістік-техникалық мәселелер жөніндегі басқарушы директор;

- Тазабеков  Серік  Қожайұлы, құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор.

 

17 қараша

«Рынок ценных бумаг» (Ресей) журналы және  Ресей ФСФР-дің қолдауымен Инвестор.ру әлеуметтік торабы  ұйымдастырған XIV жыл сайынғы жылдық есептер мен сайттар конкурсының қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жылдық есебі «Шетелдік компанияның үздік жылдық есебі» номинациясында 3-ші орын алды.

 

24 қараша

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен бірге Алматы әкімдігі ұйымдастырған «Мемтапсырыс-2012» акциясына қатысу.

 

06 желтоқсан

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі ( № 53 хаттама) Қоғамның 2011-2020 жылдар аралығындағы даму стратегиясын бекіту туралы шешім қабылдады.

09 желтоқсан

Индустрияландыру күнін тойлау және «Алтын сапа», «Парыз»  президенттік  сыйлығымен марапаттау рәсімі  шеңберінде өткізілген «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» Алға, Қазақстан!» индустрияландыру картасы жобаларын іске қосу бойынша жалпыұлттық телекөпір барысында  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқарушы директоры Е.А. Әбітаев «Мойнақ СЭС құрылысы» жобасын іске асыру барысы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевты хабардар етті.

 

20 желтоқсан

«Самұрық-Энерго» АҚ-ға   сапа менеджементі  жүйесінің   ISO 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарына  сәйкестігі туралы  сертификат  табыс етілді.

 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng